Құрметті, Асан қайғы ата. Мен сіздің ұрпағаңыз, Қазақ елінің ұланы боламын. Бізге қалдырған асыл мұраңыз жайлы жазбақпын бұл хатта. Сіздің "дала философы" болғаныңызды қазір бар қазақ халқы біледі. Данагөйлігіңізге бізге жеткен толғау, шешендік сөздеріңізге куә боп жатырмыз. Желмаямен Жерұйықты іздеп жер кезгеніңіздің өзі бір төбе. Тоқтаған жеріңізге айтқан әр сөзіңіз құдды бір тарих. Сан қатпарлы тарихымда сіз секілді данамыз, барамыз болғанын мақтан тұтамын.
Егеменді еліміздің Елордасы Астана қаласына мерейлі 10 жыл толып отыр. Осы мерейтойдың құрметіне орай аудан мектептерінің оқушылары арасында «Астана – елдің жүрегі» атты шығармалар конкурсы ұйымдастырылған болатын. Сіздердің назарларыңызға жүлделі орындарға ие болған оқушылардың шығармаларынан үзінді келітіп отырмыз: Тәуелсіздік басымызға кондырған ең басты бакыт-өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды озіміз болжауымыз. Осындай таңдаудың бірі - ел Астанасын Сарыарканың киелі аспаны астына, қазақ топырағының кіндік тұсына кошіруіміз. Бұл, шешімнің қаншалыкты манызды екенін әрбір Қазакстандық жақсы біледі. Ал, жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы он жылдың ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз ел кіндігі Арка төрінде тутіккелі бері тәуелсіз республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси жзне экономикалық, мәдени орталығына айналып отыр. Мен өз Отанымды, Астанамды мақтан тұтамын ! Ғажайып шаһар тек біздің ғана емес, дүние жүзіне зиялылық нұрын төгетін тоғыз жолдын торабыңдағы Еуразияның сәулетті қаласына айналып отыр.
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.
Объяснение:
надеюсь у нас такое было