Сөйлемдерді көшір. Тұрлаулы мүшелердің астын сыз. Еламан еңбекақысын сұрады. Арбасын шығартып алғасын ана екеуі жөндеп сөйлепей сырт айнала бастады. Ертеңгі базардан кешігіп қаламыз деп асығып тұрып,абайламай ақысын артық айтып қалыпты. Олар болмашы бірдеңемен құтыла салғысы кеп,тиын-пиын іздей бастап еді, Еламан сыпайылықты қойып жағадан ала кетті. «Бір тоқтының пұлын әкел!» деп қозғалтпай тұрып,тиесілі пұлын түп-түгел құсқызып алды.
Ананың пейілі
Ана деген әрбір адам үшін өмірдегі ең асыл жан. Аналарымыз бізге өмір сыйлап, ақ сүт беріп, тәрбиеледі. Аналарымыз пейілі кең, мейірі мол, кешірімді жандар.
Қандай ана болмасын, өз баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, ауырып қалса, емдеуге бар күшін салады.
Бойымыздағы бар жақсы ізгі қасиеттер бізге ана сүтімен дариды, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ана болу – бүкіл өміріне кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда, ол ана өзін-өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны байи, нәрлене түседі.
Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп, сыйлау әрбір баланың парызы. Қазақта "Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, ақ сүтін ақтай алмайсың" деген нақыл сөз бар.