Туған жер – әр адам үшін қастерлі де қасиетті ұғым. Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамды алға жетелеп отырады. Кешегі өткен заманда ата – бабаларымыз мынау байтақ жеріміз үшін аянбай күресіп, тер төккен. Білектің күші, найзаның ұшымен жерімізге көз алартқан жаулардың әрдайым бетін қайтарып, тойтарыс беріп отырған. Одан бері де қилы замандар орын алса да, өз туған жеріне деген халқымыздың дүркін – дүркін көштері әр заманда да орын алып келеді. “Айшылық алыс жерлерден” ат арытып келгендегі басты себеп, ол – туған жерге деген мәңгілік сағыныш. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деп бекер айтылмаса керек. Әйгілі Бейбарыс баһадүр туған жерін сағынғанда, туған ұлысы – Дәшті-Қыпшақ даласынан алдырған бір түйір жусанды иіскеп, сағынышын басқан екен. Алыстан ата – жұртын аңсап келіп жатқан ағайындардың легі бұл күнде де жалғасын табуда. «Сақалын сипап дау шешкен» Орта жүздің биі, Қаз дауысты Қазыбек бабамыз: «Алтын ұяң – Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», - деп туған жердің қасиетін ерекше бағалап кеткен. Әр адам үшін өзінің туған жері ыстық. Әр адам үшін өз туған жерінен асқан жер жоқ.

Абзац (нем. absatz - шегініс) - қара сөздегі мәтіннің әр бөлімінің алдыңғы жолын тұтас қатардан сәл шегіндіріп бастау.
Бұл мәтіннің мағына жағынан бірыңғай тиянақты бөліктерін бір-бірінен ажырату үшін қажет. Логикалық мазмұн тұрғысынан мәтіннің бір тынысты кезеңін бөліп алып отыру, ой желісін дұрыс ширатып, өрбіте жүйелеуге өте ыңғайлы. Азат жол мәтіннің түсінікті, түйінді, тұжырымды болуына септігін тигізеді.[1]
Сонымен қатар Абзац сөзі мынадай мағыналарды білдіреді:
Бір азат жолдан екінші азат жолға дейінгі күрделі синтаксистік тұтастықты білдіретін мәтін бөлігі;
Азат жол. Жаңа жолдан бастап жазуда оңға қарай жасалған шегініс