Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуіндегі ғана іс- әрекет, қимылдың жүзеге асатындығына болжам жасауды білдіретін саластың түрі. Талғаулы саластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен әдетте не, немесе, болмаса, не болмаса, я болмаса, я, яки, өйтпесе, әлде шылаулары арқылы құрмаласады. Бұлардың ішінде не, немесе, я, яки , әлде шылаулары бір – ақ рет қолданылып та, қайталанып та жұмсалады. Кейде талғаулы салас үш жай сөйлемнен құралады да, олардың алғашқы екеуі – ма, - ме сұраулы шылаумен қолданылып, соңғы жай сөйлем алғашқыларында болжам, тұспал жасалған ойдың , іс әрекеттің қорытындысын, түсінік білдіреді. Мысалы: Сіз менің жалақымды беренің , әйтпесе біз қамтамасыз.
ауада басқа еш қандай жахко