6 -тапсырма.
Сұрақтарға жауап беріп, диалог
құрыңдар.
1. «Табиғатты қорғау одағы» қашан
құрылды?
2. «Қазақстанның Қызыл кітабында»
қандай деректер бар?
3. «Қазақстанның Қызыл кітабына» қазақ
жерінде өсетін қандай өсімдік тір-
келген?
4. Қазақ жерінде мекендейтін қандай
жануарлар «Қазақстанның қызыл кіта-
бына» тіркелген?
5. Біздің жерімізде өсетін
Қызғалдақтардың неше түрі «Қызыл
кітапқа» енген?
ӨЗ ӨМІРІҢ − ӨЗ ҚОЛЫҢДА
Алдыңызға мақсат қойып соған жетуге ұмтылмау − сізге үлкен кедергі. Себебі бір үзім нан да еңбексіз табылмайды. Өзегіңізді өткен шақтың өкініші өртеп жатса да әрбір жаңа күн, жаңа табыс әкелетініне сеніңіз.
«Менің қолымнан бәрі келеді» деген өзіңізге сенім сізді кез келген тығырықтан алып шығары анық. Оңашада мұңайып, қамыға беру ойыңызды ғана емес, жоспарыңызды да тежейді. Мұнан соң айналаңдағы адамдарға, әрбір болып жатқан оқиғаға көңілің толмай ашуланшақ болуың мүмкін. Адам болып, өз өміріңді өз қолыңа алуға кедергі келтіретін тағы бір нәрсе – жалқаулық. Ерінбеңіз. Алдыңыздан қандай жұмыс шықса да жақсы жалақы, жайлы өмір сүріп жақындарыңызды қуанту үшін талпынып көріңіз.
Өмір тек сәтсіздіктерден тұрмайды. Әрбір жаңа минут, жаңа сағат сізге сәттілік әкелуі мүмкін. Бастысы, өзіңіздің ішкі дайындығыңыз, сеніміңіз. Жаңа өміріңізде кімдермен араласып, дос боласыз бұл да маңызды. Халқымыз ежелден «Жақсымен жүрсең жетесің мұратқа, жаманмен жүрсең қаласың ұятқа» деп өсиет қалдырған. Еңбекқор, айналасына мейірім төгіліп тұратын қайырымды жандармен аралассаңыз, өміріңіз шырайлана түседі. Жақсы адамдармен араласу жақсы орта табу − басты мақсат. Өршіл, намысты, биік рухты, батыл жүректі азамат болып қоғамның дамуына үлес қосу − баршамыздың міндетіміз.Бірақ біз үнемі күліп жүруді таңдай бермейміз.Қандай қиындық болсада барыншы жақсыға жорып өмір сүрген қазақ зиялылары мен ата-бабаларымыздың өмірі қиындыққа толы болғанына қарамастан сабырлы болған.Менің айтқым келгені әркім өзіне сенуі керек.