Өмірбаян мәтінінде қамтылмаған ақпаратты көрсет. Өмірбаян
Мен, Егінбаева Ақжан Есенғалиқызы 1990 жылы 11 қарашада Павлодар қаласында тудым.
Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын.
1997 жылы Павлодар облысы, Павлодар ауданының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебіне 1-ші сыныпқа бардым. Мектепте әртүрлі қоғамдық жұмыстарға қатысып, өзімді өнер жағынан жақсы көрсете білдім. «Қазына» би ансамбліне қатыстым.
2007 жылы географиядан оқушылардың облыстық пән олимпиадасында І орын алдым.
2008 жылы географиядан республикалық пән олимпиадасына қатысып, ІІ орынның жүлдегері атандым.
Қазір 2 курс студентімін.
Ата-анам және екі әпкем бар. Әкем – Егінбаев Есенғали Досымұлы, 1956 жылы туған, Павлодар облысының Салық комитетінде қызмет етеді. Анам – Рахимова Шолпан Қантемірқызы, 1955 жылы туған, Павлодар қаласының Кенжекөл жалпы орта білім беру мектебінде «Қазақ тілі» пәнінің мұғалімі болып қызмет етеді. Үлкен әпкем – Райхан.
1984 жылы туған, тұрмыста. Ортаншы әпкем – Айгүл, 1985 жылы туған, Павлодар мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізу» пәнінің оқытушысы.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жақсы білемін. Бос уақытымда әдеби кітаптар оқығанды ұнатамын. Компьютердің бірнеше бағдарламасын меңгердім.
Қазіргі мекенжайым: Алматы қаласы, Тұрғыт Озал көшесі, 70 үй.
8 қыркүйек, 2009 жыл
Ең жаңа және көпшілікке кең тараған Интернет қызметін алады. WWW гипермәтін принципіне негізделеді және мультимедиа ресурстарын (бейне, аудиографика т.б.) мүмкіндігінше пайдалана отырып, ақпарат беруге қабілетті. SLIP, РРР немесе интернетпен тікелей қосылуды, сондай-ақ арнайы бағдарлама Интернет навигаторларымен (Mosaic немесе Netsape типті) қамтамасыз етуді талап етеді. Интернетке берілген орны жоқ, бірақ Интернетке тікелей қосылған пайдаланушылар мәтіндік Lynx навигаторымен жұмыс істей алады. WWW ақпараттық ізденістерді гипермәтін мүмкіндіктерімен біріктіретін жүйе. Бұл жүйеде әрбір құжат, ақпараттық кеңістікте өз ізденісін шексізге дейін тереңдете және кеңейте алуының арқасында өзге құжаттармен көптеген байланысы (айқас сілтеме жүйесі секілді) бар. Жүйе әсіресе үнемі жаңартылатын файлмен және сақталу орнына қарамастан құжаттар арасында байланыс жасау үшін жұмыс істеуге ыңғайлы