Менің армандаған мектебім үлкен және жарық. Онда жаңа технологиялар көп. Кабинеттер компьютермен жабдықталған және ғаламтор жүйесіне қосылған. Сабақ кестесін өзім жасауға болады. Және менің армандаған мектеп - жаңаша бағытта істейтін мектеп.Ол мектепте әртүрлі жаңа технологиялар болса және балаларға ыңғайлы болса керемет еді.Ол мектепте әр баланың жеке сөрелері,жеке бөлмесі, әртүрлі дәмді тағамдар бар. Менің арманымдағы мектеп-балаға тек қана жақсы білім беріп қоймай,оның өзінің сүйікті ісімен айналысуға,әртүрлі қызықты ойын ойнауға,керемет және көңілді шаралар болар еді.Біздің кезеңімізде дәл осындай мектептер жетіспейді.Осындай мектепте барлық балалардың білімге құштарлығы артар еді деп ойлаймын.
ответ:"Мәңгілік ел" қақпасы – әлемдегі санаулы қалаларға тән ерекше сәулеттік-монументалды туынды. Әдетте мұндай қақпа жеңіс рухын асқақтату немесе жасампаз жетістіктердің құрметіне қаланың кіреберісіне, үлкен жолдың бойына орнатылады. Астанадағы салтанат қақпасы да осы талаптарға толықтай жауап бере алады.Бұл сәулет нысаны Астананың сол жағалауындағы аспанмен таласқан зәулім ғимараттардың ортасынан ойып орын алып, Есілдің сол жағалауындағы Астананың жаңа әкімшілік орталығы, қайталанбас дара бейнесі бар толымды сәулет ансамблін түзбек: темірқазығы – Елбасының ақ сарайы Ақорда, одан тарайтын «шуақ бағыты» бір жағынан Бейбітшілік және келісім сарайына, «Қазақ елі» монументіне, Тәуелсіздік сарайына, Шабыт сарайына тараса, тағы бір «сәулесі» сулы-жасыл желек жолды көктей өтіп, көкке қарай бет алған алып ғимараттарға бағыт алып тұр.
Сәулет нысанының биіктігі – 20 метр.
Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақал» мүсіні орнатылған. Бұл – халықтың ойы мен рухани өлшемінің көрінісі, даналықтың символы. Санаға сіңген осынау дәстүрлі бейне «даналық», «данышпан», «ғұлама» сынды қазақ халқына тән ұлы ұғымдармен астасады. Оның қазақы ерекшелігін ұлттық киімінен аңғаруға болады.
Қақпаның сол жақ қапталында от иесі – «Әйел-Ананың» рельефті мүсіні орнатылған. Ана бейнесі қазақ ұлты үшін «Отан-Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды киелі ұлттық ұғымдарына ұласады. Олай болса, ана бейнесі арқылы адамның дүниеге келуі, туған жер мен Отан туралы идеологемма айқын көрініс табады
Объяснение: