М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Өлең неліктен «Балаларыма өсиет» деп аталған?

👇
Открыть все ответы
Ответ:
bkdekvrfasus
bkdekvrfasus
02.06.2020
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен-ақ Қазақстан білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жо­ғары бағалап, экономикалық және қаржылық қиындықтарға қара­мас­тан осы салаға барынша қолдау көрсетті.

Халқымызда “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөз бар. Білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігі, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екендігі белгілі. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім – тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы білімде жатқанын ұлы Абай да жақсы айтқан: “Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма”, – дейді ол.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясында: “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты”, – деп айрықша атап айтылған.

Бүгінгі кезеңде отандық білім берудің ұлттық моделін құруға байланысты қыруар шаруалар атқарылу үстінде. Ал, бұл мәселе төңірегінде іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанына оншақты жыл болды. Қазір осыған орай республикамызда заңнамалық және нормативтік-құқықтық база қайтадан құрылу жолында. Нақтылай түссек, халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген қазақстандық білім беру жүйесіндегі реформалар жүзеге аса бастады.

“Ертеңін ойламаған ел азады” дейді халық даналығы. Барын баға­лап отыратын, ұрпағына үмітке сай білім беріп, тәрбиелейтін ел озады.
Ел көңілін аударған “Интеллектуалды ұлт – 2020” ұлттық бағдар­ламасының басты мақсаты да осы – қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу, сөйтіп бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін негізгі байлығы – бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қа­лыптастыруға негізделген. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі сонша­лықты биік болмақ. Осы жағдайда ерте бастан өркениетті мемлекеттерде интеллектуалдық бәсекелестік жүріп жатқаны даусыз.

Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің ендігі бір міндеті – жастардың білім алып қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып, оны бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, бір сөзбен айтқанда, интеллектуалды-үйлесімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа көзқарас ұлтты ойлануға, ойлауға үйрету арқылы қалыптан тыс көкжиекке көз жіберуге тәрбиелеу, білімді өз бетінше зерделеу, технологиялар мен инновациялардағы жаңалықтарды жүзеге асыра білу бейімділігімен бағаланады. Жаста­рымызды осындай мақсатта тәрбие­леуге біздің зор мүмкіндігіміз бар екендігіне дау жоқ. Міне, бүгінгі интеллектуалдық мектеп­терге қойылатын талаптар осыларға негізделген.
Ағымдағы ғасыр а ң алдына шешімі күрделі әрі іргелі мәселелерді қойып отыр. Әлем жаһандану дәуіріне қадам басумен бірге тұтастану, бірігу, кірігу үдерісіне батыл бет бұруда. Соны ерте түсінген әлем елдері мен олардың білім жүйелері жаһандану үдерісіне үн қосып, бұдан әрі дамудың жаңа стратегиялары мен жобаларын ұсынуда. Мұны Мемлекет басшысы біліп, көріп, сол күрделі қиын кезеңнен елімізді қайткенде аман алып шығудың қамын ойластырып жүргені жалпақ жаһанға аян.

Кез келген білімнің айқын мақсат-мүддесі болады. Біздің қазіргі жағдайымыздағы оның не­гізгі мақсаты – елдік сана мен мемлекетшілдік рухты қалыптастыру, ұлтсыздықпен күресу, Тәуелсіздікті баянды ету болуы керек.
4,8(8 оценок)
Ответ:
BanderSap
BanderSap
02.06.2020
Бақ, қайда барасың…

Ертеде, жастау кезімізде абыз ақсақалдардың әңгімесін тыңдаудың өзі бір ғанибет болатын. Біз­дің бойымызда жақсы­лық­тың, кісіліктің мыс­қалдай да бір үлесі болса, сол аталарымыз бен ағаларымызға қарыздармыз. Осы мақаланы жазу үшін қолыма қалам ал­ғыз­ған менің даналығым емес, ағалығым, құрметті оқырман.  Бар ойым –  өздеріңізбен ой бөлісу.

Қазіргі күнде де торқалы той, топырақты өлімде ауыл­дың үлкендері бас қосып қала­ды. Өкінішке орай, әңгіме ар­қауы көп жағдайда күнделікті тірліктің ұсақ-түйегі маңынан ұзап кете қоймайды. Сондай кезде өзінің абыройын, сөзінің қадірін қашырмай әдемі қартая білудің өзі қастерлі қасиет пе деп қаласың.

Дана халқымыздың «Көп жасаған біле ме, көпті көрген біле ме?» деген сөзінде де үл­кен мағына жатыр. Жасаған ие­міздің өзі өлара шақта өмір­ге келтіріп, екі ғасырдың куәсі болуды нәсіп еткен екен, ендеше ішкен-жегенімізге мәз болмай, бастан кешкенді таразыға тартып, өткеннен өнеге, тарихтан тәлім беруге талаптансақ оның несі айып?

Тоқсаныншы жылдарда ел басына түскен қиындықтар көптің әлі есінде болар. Сонда біздің қиналғанымызды көрген бір қария адам: «Соншама несіне уайымдайсыңдар, аспаны­мыз ашық, нанымыз бар. Олай болса жағдай да жаман емес қой», – деп жұбататын.

Бір көпшілік жерде сол сөзді айтамын деп қарсылыққа кез болғаным бар. Үйге келген соң оңашада ойға шомдым.   «Шындығында да біздің жағ­дай­ымыз бүгінгі күн тұрғы­сынан алғанда қандай, тәуел­сіз­дігіміздің жиырма жылды­ғын­да қол жеткізген нендей табыстарымыз бар?».

Әрине, қашанда шыдамды­лы­ғына шүкірлігін сүйеу етіп, төзімділігіне тәубесін тіреу еткен қара нардай халқымыз қан­дай да бір қиындықтарға қас­қая қарсы тұра білді. Ата-ба­ба­ларымыз сан ғасыр арман еткен тәуелсіздікке қолымыз жетіп, досымыз сүйініп, дұш­па­нымыз күйініп жатса, «мың өліп, мың тірілген қазақтың» кең пейілінің өтеуі болар.

Өтпелі кезеңнің сынағын «көппен көрген ұлы той» деп, көрші ағайындарда кездесіп жатқан ауыртпалықтармен са­лыс­тырып, жеңілдете салу ой­ым­да жоқ. Олардың жағдайы мен біздің тұрмысымыздың ара­сындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін көзі қарақты көпшіліктің өзі-ақ кө­ріп отырған болар.

Қазір қай қаланың базары­на барсаң да қап арқалаған, қап­таған қырғыз бауырларды көре­сің, алып құрылыс ала­ңына ай­налған Қазақстандағы бар ауыр жұмыстың басы-қа­сы­нан өзбек ағайындарды кез­дестіресің. Кешегі Одақ кезінде өзімізбен терезесі тең бо­лып келген осы қыр­ғыз, өзбек, тәжік, т.б. ағай­ын­дар басқа елдердің босаға­сы­нан сығалап, нан тауып жүрсе, Еуропаның көптеген аймақ­та­рын­да түрік­тердің, үнділер мен пәкстан­дықтардың жағдайы осындай. Сонда олар қайбір жетіскеннен бала-шағасын тастап, шекара асып жөңкіліп жүр деп ойлайсың, осының барлығы жұ­мыссыздық пен жоқшылықтың салдары.

Қазіргідей күрделі кезеңде кейбір жерлестеріміздің тұр­мыс деңгейі әлі де күрт жақ­сарып кетпегенімен, біздің халықтың тамақ асырау үшін басқа елдерде жұмыс іздеп жүрмеуінің өзі біраз нәрсені аңғартпай ма? Әрине, бұл жерде қазақ халқының жетімі мен жесірін қаңғытпай бауырына басатын қанында бар қасиет, елде болса ерінге тиеді дейтін елжандылық пен қоғамшыл­дық, туған-туыс пен жекжат­тың арасындағы жазылмаған заңдай болып кеткен қайы­рым­дылық пен бауырмалдық сияқты басқа жұртта кездесе бермейтін өзіне ғана тән та­биғи мінез-құлықтың да орны бөлек екенін айтып өту керек.

Соңғы жылдары күш алған әлемдік дағдарыстың салдары­нан батыстағы небір алпауыт мемлекеттердің өзі белдігін тар­та буып, әлеуметтік жәр­дем­ақылар мен жалақыны қыс­қартуға мәжбүр болған­дығын күнделікті хабарлардан естіп-біліп отырмыз. Ал бізде керісінше, жыл сайын бюджет саласы қызметкерлерінің жал­ақысы, зейнеткерлердің зей­нет­­ақысы, студенттердің сти­пендиясы өсіп отырғаны кө­ңілге зор сенім ұялатады. Бұл орайда «жалақы өседі» деген­нен-ақ тауарын қымбаттата бастайтын сауда тұтқаларын ұстаған пайдакүнемдердің амал-айласы жеке әңгіменің тақы­рыбы болмақ.

.

4,7(61 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ