Қазіргі кезде Қазақстан тарихын зерттеу, зерделеу ісіне үлкен мән беріліп келеді. Оған 2013 жылдың 5 маусымында Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің басшылығымен өткізген тарихшылардың жиыны түрткі болды. Бұл тарихшы ғалымдар алдынан тың тұрғыдан, тың әдістерді, тың деректерді пайдалана отырып қазақ тарихының жолында әлі де болса ашылмай жатқан жақтарын жарыққа шығару міндеті қойылды. Қазақ тарихын тың тұрғыдан зерделеу, зерттеу үшін өлкемізде өмір сүрген жыраулардың шығармашылығын пайдалану ісі кезек күттірмейтін маңызды мәселе болып табылады. Осы орайда Шынияз шығармаларында кездесетін деректердің негізінде Сарайшық тарихи кешеніне жеті ханның есімдері таңбаланған құлпытастардың қойылуын пайдалы тәжірибе ретінде айтуға болады. Ал Мұрат шығармаларын құрастырып, 1923 жылы Ташкент қаласында жинақ етіп бастырған, профессор Х.Досмұхамедов: «Қазақ тарихын жазған адам Мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды» деген болатын[1]. Міне, содан бері табанданған 90 жыл уақыт өтіпті. Өкінішке орай, күні бүгінге дейін тарихшы ғалымдар тарапынан ұлы жырау шығармаларындағы тұнып тұрған қазақ тарихын зерттеу, зерделеу, жариялау, көпшілік игілігіне айналдыру ісі әлі күнге дейін өз дәрежесінде қолған алынған жоқ. Ал шындығында Мұраттың «Үш қиян», «Сарыарқа», «Шалгез», «Қазтуған», «Қарасай-Қази», «Орақ-Мамай», т.б.толғауларында қазақ халқының 5-6 ғасырлық тарихы асқан шеберлікпен баяндалады. Оның жырларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер, су, қоныс, жайылым, өріс, құдық аттары — әлі күнге дейін игерусіз жатқан асыл мұра. Мұрат шығармаларында 150-ге жуық жер, су, қала аттары, 300-дің үстінде адам аттары кездеседі. Солардың барлығын анықтап, кім қай жерде, қай кезеңде өмір сүрді, қандай оқиғаларға қатысты, еліне, жұртына қандай еңбек сіңірді және т.б. мәселелердің басын ашып алу — біздің тарихшылардың кезек күттірмейтін аса шаруасы болып табылады. Сайып келгенде Мұрат жырларында молынан кездесетін тарихи деректерді пайдалана отырып, өлкеміздің тарихын жазу ісімен қазірден бастап айналы біз уақытты өткізіп аламыз. Меніңше үш маңызды шаруаға тарихшылар, әдебиетшілер, географ мамандар, философтар мен халық педагогикасын зерттеушілер араласуы керек. Себебі ұлы жыраудың көтерген тақырыптарының ауқымы өте кең. Әрине, осы кезеңге дейін Мұрат шығармаларын Қ.Жұмалиев, Қ.Сыдықов, Б.Қорқытов, Б.Омаров сынды көрнекті ғалымдар әдеби туындылар ретінде зерттеген болатын. Енді Мұрат шығармаларын тарихи тұрғыдан зерттеудің уақыты жетті. Бұл жөнінде әлем тарихындағы пайдалы тәжірибелер бізге үлгі бола алады. Мәселен, б.э.д. ІХ ғасырда өмір сүрген гректің ұлы жыршысы Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» атты жырлары осы елдің тарихын жазу үшін аса маңызды дереккөздері ретінде пайдаға асырылды. Ежелгі грек тарихының аса маңызды оқиғасы грек-троя соғыстары туралы деректердің оны «Иллиададан» алып, елдің классикалық тарих оқылығына енгізілгенін бүкіл жұртшылық жақсы біледі. Кейін, ХІХ ғасырда неміс археологы Г.Шмиман Кіші Азия түбегінен Троя қаласының орнын тауып, Гомер шығармаларындағы тарихи деректердің дұрыстығынайна-қатесіз дәлелдеген еді. Тарихын жазу үшін біз неге жырауларымыздың шығармаларындағы дереккөздері пайдаға асырмаймыз? Бұл мәселені 2004 жылы академик З.Алдамжар да орынды көтерген болатын. Осы жерде айтылатын маңызды бір мәселе: зерттеушілердің Мұрат шығармаларының мұрағаттық роль атқара алатынын ескергені жөн, яғни жырау шығармаларын зерттеу, сараптау, зерделеу барысында ондағы дерекжер дұрыс па, бұрыс па деп жалтақтаудың ешқандай қажеті жоқ. Мұрат өз шығармаларындағы тарихи деректерді сол кездегі аға буын өкілдерінен, атап айтқанда Есет Қараұлы, Мәтжан сынды ақылгөй даналардан алып жырларына қосып отырған. Олар өз кезегінде өздерінен үлкен шежіреші ақылгөймен араласа отырып, тарихи деректерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. Шындығында қазақ халқының өткен тарихын, жазу барысында көшпешілердің — өзге халықтардан ерекшеліктерімен, айыршашылықтарын, атап айтқанда жазба тарихының болмағанынан, ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі мүлтіксіз жеткізіліп отырған ауызша тарихының, шежіресінің болғанын, ал оның аса көрнекті өкілі Мұрат сынды тарихшыларының болғанын ескеруге тиістіміз.
Глобальные проблемы человечества – это проблемы природного и социального характера, которые влияют на развитие и сохранение человеческой цивилизации .
Глобальные проблемы человечества – это проблемы природного и социального характера, которые влияют на развитие и сохранение человеческой цивилизации. Глобальные проблемы современности связаны между собой и касаются всех сфер жизни людей всех стран мира.Понятие цивилизации включает в себя несколько значений, в зависимости от контекста. В переводе с латинского «цивилизация» означает государственность, от civil – гражданский, государственный. Впервые этот термин употребил французский инженер Буланже в 1766 году: «Когда дикий народ становится цивилизованным, ни в коем случае не следует считать акт цивилизаций законченным после того, как народу даны чёткие и непререкаемые законы: нужно, чтобы он относился к данному ему законодательству как к продолжающейся цивилизации.» Из текста понятно, что этим словом он подразумевал образованность и саморазвитие.
В общепринятом понимании – это, в первую очередь, культура. С точки зрения общественных наук, цивилизация – это стадия исторического развития человеческого общества, следующая за варварством. Еще одно значение – это степень развития какой-либо локальной культуры, например, древнеегипетская цивилизация.
1)Менің отбасымда туған күнді керемет тойлаймыз.Барлығымыз жиналып дастархан жайсаймыз. Бәрінің көңілі көтеріліп қалады.Біз өзіміздің жылы тілектерімізді айтамыз.Жалпы менің отбасымда туған күн көңілді өтеді.
2)Біздің сыныпта оқушы бар.Мен сыныбымды қатты жақсы көремін.Біз татумыз барлығымыз бір отбасыдай болып кеттік.Сыныпта ұл, ... қыз бар.Біз сыныппен көптеген қызықты сәттерді бірге бастан кешірдік.
3) Маған ұнайтын жануар ол ит . Себебі ол өте ақылды және 7 қазынаның бірі.Иттер адамға дос сиякты бола алады. Мен иттерді қатты жақсы көремін.
4) Мен роза гүлін ұнатамын. Ол хош иісті.Розаның бірнеше түстері болады. Раушан гүлі әлемдегі ең әдемі гүлдердің тізіміне кіреді. Роза-сұлулық символы.Тіпті адамдарға Роза деп те ат қояды