Туған жер... Туған ел... Осы екі ғана сөзде қаншама мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Менің Туған жерім, Отаным – кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат әрі киелі Қармақшы жері. Осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтті.
я вчера это делал
дай лучший ответ
«Жастар кітап оқымайды» деген қасаң пікірді аға буыннан жиі естиміз. Жастар оқитын, қазіргі қоғамға түсінікті, тұшымды дүние болса, қанеки! Заманауи тақырыпқа сай кітаптар қатары сирек қазір. Осындай олқылықтарды көргенде, ата-аналарымыздың естеліктері еске түседі. С.Мұқановтың – «Ботагөз», «Өмір мектебі» , Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», «Ақиқат пен аңыз» сынды бірегей туындыларын кеңестік кеңістікте өмір сүрген жастар жастана оқыған. Бірігіп, бас қоса қалса, соңғы оқыған кітаптары жайлы ойларын ортаға салып, талқылайды екен. Замандастарды ортақ мүддеге, ортақ көзқарасқа тоғыстырған сол кездегі қазақ жазушыларының тапқырлығына тәнті боласың! әлеуметтік желілерінде қандай жаңалықтар бар, қай жұлдыздың парақшасында не болып жатқанын бастары біріксе талқылайды, одан қалса тілдесудің орнына ұялы телефонына көміліп отырады. Бұл көңіліңе кірбің ұялататыны сөзсіз...
мəтініңді көрсете аласың ба