Отанымыз, кең байтақ еліміз, қазақ ата-бабаларымыздан қалған жер — Қазақстан. Басқа елдерге кетсек, өз елімізді өте қатты аңсаймыз. Әр кісі өз туған жерін іздейді. «Әркімнің өз елі-Мысыр шаһары» деген мақал-мәтелді босқа айтпаған.Қазақстан Республикасы — Еуразия құрлығындағы мемлекет. Құрлықтың орталық бөлiгiнде орналасқан. Аумағы - 2.724.900 шаршы шақырым.(1.049.150. sq. miles). Республика жерi батыстан шығысқа 3000 км-ге, солтүстіктен оңтүстікке 1600 км-ге созылған. Коңыржай белдеудiң негiзiнен орталық және оңтүстік ендiктерiн, ал қиыр оңтүстігінде субтропикке өтпелi белдеудi қамтиды. Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (ұз. 6467 км), оңтүстігінде Түрiкменстан (380 км), Өзбекстан (2300 км) және Қырғызия (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1460 км) шектеседi, батысында Каспий т. (600 км) орналасқан. Жер аумағы 2724,9 мың км2. Халқы 15 млн.-нан астам адам. Оның 9 млн-ға жуығы немесе 60%-дайын қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкiлдерi тұрады. Астанасы — Астана қаласы. Әкiмшілік жағынан 14 облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан тұрады. Одан басқа Қазақстанда 85 қала, 160 аудан, 176 кент, 2237 ауылдық округке бiрiккен 7719 ауылдық елдi мекендер бар (2003; кестенi қ.). Қазақстан әр түрлі пайдалы қазбаларға ие. Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 105 элементінің 99 табылған, 70 бойынша қорлары барланған, өндіріске 60-тан астамы қатыстырылған.
Қазіргі уақытта минералдық шикізаттың 1225 түрін қамтитын 493 кенорны белгілі. Қазақстан әлемде мырыштың, вольфрамның және бариттың барланған қорлары бойынша бірінші, күміс, қорғасын және хромиттердің барланған қорлары бойынша екінші, мыс пен флюорит бойынша үшінші, молибден бойынша төртінші, алтын бойынша алтыншы орында тұр.
Ескерту. Интернет желісіндегі материалдар алынды.
Объяснение:
Әбу Насыр Әл – Фараби.
«Әлемнің екінші ұстазы» ретінде танымал болған ұлы ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл – Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб (қазіргі Түркістан облысы Отырар ауданы маңайындағы ортағасырлық қала) қаласында дүниеге келген. Толық аты - Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Ұзлағ Әл-Фараби.
Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. Фараб қаласында Александриядан кейінгі әлемдегі ең үлкен кітапхана орналасқан болатын, соның арқасында Әл Фараби мұндағы құнды қолжазбалар мен кітаптармен таныс танысып, оларды оқуға мүмкіндік алды. Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.
Ғұлама ойшыл бір қалада ұзақ тұрақтамай, үнемі саяхат үстінде болып, білімін шыңдаған. Бар ғұмырын білім мен ғылымға арнап, түрлі мәліметтерге сәйкес 70 – ке жуық тіл меңгерген екен.
Ол 150-ге жуық философиялық және ғылыми трактаттар жазып қалдырды. Ғалым философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияны зерттеді. Ғұлама ойшыл ғылымды 2 топқа бөлген:
Бірінші: теориялық ғылымдар. Бұл топқа жаратылыстану ғылымдары мен метафизиканы енгізген.
Екінші: практикалық ғылымдар. Бұл топқа этика, фиқһ, кәләм (исламдағы өзекті тақырыптарын қамтыған ғылым саласы) ғылымдарын жатқызған.
Биылғы жылы (2020 жыл) ұлы ойшыл – ғұламаның 1150 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтіледі.
Объяснение:
Менің кіндік қаным тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, апама еріп қой баққан елім, киелі жерім, ата мекен – Жерұйығым бар. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері – Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Қасиетті де киелі елім! Сенің кең жазиралы төсіңде еліміздің сан ғасырлық шежіресін баяндайтын шынайы да анық, дәлелді тарих жатыр. Тамыры тереңге бой тартқан сара жолымыздың «Тәуелсіздік» атты бабалар аңсаған, біздер қолдап, қорғаған теңізде көш жалғастыруы – біздерге, келер ұрпаққа, беріліп отырған «баянды бақыт» дер едім.
Қазақстан – кең-байтақ өлке, ұлан-ғайыр жеріміз табиғат ресурстарына, шикізат көздеріне, тіпті, бай. Бұл ерекшеліктер «Тәуелсіздік» атты қасиетті ұғымға қол ұшын жеткізудің бір бағыты болды, бүгінде біз басқа да дамыған елдермен тереземізді теңестіру жолындамыз.
Біздің мемлекетімізде жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әрқайсысының жағдайын ойлап, басын біріктіріп, елімізде тыныштықты, бейбітшілікті сақтап отырған Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай «бақ атамыз» барда біз бақыттымыз, қазақстандықтар тату-тәтті өмір сүреді.
Тәуелсіздіктің бет бұрған жолында еліміздің ұлттық рухани асыл қазынасы, экономикасы, саясаты, мәдениеті дамып, гүлденуде, біз санаулы жылда адам айтқысыз, айтса сенбейтін жетістіктерге жетіп отырмыз. Ең бастысы – тіліміз мемлекеттік мәртебесін алып, ата-бабамыздың рухы бір серпіліп қалды, қасиетті аманатты уыстан шығарып алмай, дер кезінде тұғырына бағыттай, бекіте білдік.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арналған Жолдаулары, еліміздің өркендеу мақсатында қалыптасқан аталмыш «заңдар» - халықтың тұрмыс-тіршілігін, болашаққа деген сенімін нығайта түсті.
Есімің Ай – әлемге тұрақталып,
Келіпсің Сарыарқаға жұмақты алып.
Көзіме көрінерсің жас Астана,
Есілге қонған аққу сияқтанып, - дегендей, аспанмен таласқан зәулім «Бәйтерегі» бар Астана – бүгінде біз мақтанышымыз. Шетелдіктердің орталық Астанамызға қызыға қарайды.
Мен – қаныммен, жаныммен, арыммен, барыммен қазақпын. Мен қазақ болып туғанымды ерекше бір сезіммен, шексіз де шетсіз ықыласпен мақтан тұтамын. Қазақстан атты құдіретті елім үшін, топырағы киелі жерім үшін, жаңа ашылып келе жатқан қауызы қас-қағым сәтте әп-әдемі гүл шоғына айналған бақытты өміріміз үшін де мақтанамын.
Иә, кешегі тәй-тәй басқан еліміз, қазіргі таңда аяғын нық басатын, қадамы алшақ, өз бағытына сенімді, мығым елге айналып отыр.
Көгілдір аспан. Күн шайдай ашық. Зәулім көкте қыран құс қанатын тіке кең жайып, еш уйамсыз қалыптап ұшып жүр. Еліміз – тыныш, халқымыз – бақытты. Басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттердің біздің жерімізден мүлде алшақ болуын біз, келер ұрпақ, халық, баршамыз жаппай – тұрмай тілейміз. Бұл – Қазақстанымның болашақ белестері деп түсінемін.
Мен Қазақстанымды Заңғар Көкке теңеймін. Ал, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты аспан әлемімен халыққа нұрын сеуіп тұрған күннің көзіне теңеймін: «Жүзі үнемі шырайлы, жылу береді, ең бастысы – мәңгілік».
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халыққа арнаған Жолдауындарындағы қасиетті, киелі ойлар республикамыздың түкпір-түкпірінде іске асырылып, жандануда. Біз бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, татулықтың арқасында ғана – бақыттымыз. «Бірлік болмай, тірлік болмас», -деген даналықтың түп қазығы осында. Біздің облысымызда да елеулі өзгерстер болып, «еңбек майданы» қызу қарқынмен әр сала бойынша ерекше дамуда.
Асығып алыс күндерге,
Бір белден асып, бір белге,
Адасып қалмай бір жерде,
Айсыз қара түндерде,
Отаныңды – іргеңде
Не жетсін өмір сүргенде! – деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлағандай, мен шетсіз де шексіз, бай, рухани құндылықты нәр тұтқан, киелі, қайсар, қасиетті жерім үшін, ерен елім үшін қызмет етуге бүгінгі күні-ақ дайынмын.
Тарыдай болып кірген алтын ұя-мектебімнен таудай болып шығатын сәт жақындаған сайын алдыма қойған мақсат-міндеттерім айқындала түсуде. Қазақ атты елім барда, Нұр ағадай елбасым барда мен жаңа өмір есігін сеніммен ашамын, алғашқы қадамымды нық басамын!
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен әр жыл ел дамуына ерекше орын алатын бағыттарға арналып, тарихымых таразыланды, бірлігіміз бекіп, мәдениетіміз өсіп, денсаулық сласы нығайып келеді. Сол жақсы үрдісті жалғастыру біз үшін перзенттік қарыз да парыз болып саналады.