Берілген үш тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда реттік, жинақтық сан есімдерді, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. 1. Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі Жазғы демалыс кезінде ауылдағы туыстарыңыз қалаға қыдырып келді. Қонақтармен қаланы аралауға шықтыңыз. Қай жерлерге апарасыз? Неге? Қала өмірінің ерекшелігін және барған жерлеріңіз туралы сипаттап жазыңыз. 2. Отан отбасынан басталады Әр адамның өз отбасы бар. Сол отбасында туысқандар, бауырлар өмір сүреді. Сіздің де отбасыңыз бар. Барлығы сізді жақсы көреді, сіз де оларды жақсы көресіз. Отбасыңыздың бір мүшесін сипаттап жазыңыз.
3. Таулар сыры Біздің еліміз жазық жерде орналасқан. Тек кейбір облыстарда ғана таулар бар. Егер еліміз тек таулы жерде орналасса, қандай мүмкіндіктер мен ерекшеліктер болар еді? Өз ойыңызды жазыңыз.
Сақтар өмірін ат үстінде өткізгенмен, олар көшпелі шаруашылықта және өмір сүру үшін дөңгелегі бар арбаларды пайдаланған.
Ерте заманғы көшпелі халықтардың арасында қоғамның әлеуметтік құрылымының символы ретінде қарастырылған қасиетті сый жөнінде аңыздар өмір сүрген. Онда Тарғытай мен Қолақсай деген арғы ата-бабаның аттарымен байланысты генеалогиялық жүйе мен аспаннан түскен қасиетты сый болып саналған тостаған, балта, соқа және малға кигізетін үзеңгі туралы аңыздар бар. Бұл қасиетті сыйлар, дін қызметкерлерін, әскерилерді және өндірушілер топтарын білдірген.