М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dmitrii1205
dmitrii1205
20.04.2022 07:56 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма. Суреттердің орнына сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар. Вместо картинок напишите слова перепишите текст/


1-тапсырма. Суреттердің орнына сөздерді қойып, көшіріп жазыңдар. Вместо картинок напишите слова пере

👇
Ответ:
Madi74153
Madi74153
20.04.2022

таулар.гулдер.жануарлардың.құм

4,8(88 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Dudoleyka
Dudoleyka
20.04.2022

Қысқа ғана ғұмырында артына өлшеусіз мұра қалдырған, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасымен дараланған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың саналы ғұмыры білім алуға деген ұмтылыспен, талаптанып ізденумен өткен. Елінің келешегі өнер мен білімде деп білген ақынның мақсаты оқу оқып адам болу, туған халқына пайдасын тигізіп, жарық күні болу, надандықпен күресіп, еліне білімнің сәулесін шашу болатын. Сондықтан да ақынның мұндай тақырыптағы өлеңдері өткір, өр рухты болып келеді. Ізденіс, ұмтылыс сарынындағы «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінде ақынның лирикалық кейіпкері жалынды сөздерімен өжет мінез көрсетеді. Бұл өлеңдегі лирикалық кейіпкер – ақынның өзі. Өлеңде адам болу, толыққанды азамат болу мақсатын, ақындық ұстанымын танытады. Танытып қана қоймай, өзіне-өзі серт береді. Надандықпен ая күреске түсіп, жарығы көмескі жұлдыз емес, сәулелі толған айдай болу мақсатын білдіреді. Бұл оның өміріндегі басты мақсаты болатын. Ал оның кілті – білімде деп ұғатын ақын, осы сертте орындамай, «елдің бетін көрмен» деп өзіне қатал үкім де шығарады.

Объяснение:

4,8(54 оценок)
Ответ:
маришвед
маришвед
20.04.2022

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.[2]

Ана айтқанындай, шынында, бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан, “Ісің адал болса Өскенбайга бар,арам болса Ералыға бар” деген мәтел сөз қалған.Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай туады.

Құнанбай 4 әйел алған адам. Оның бәйбішесі Күңкеден – Кұдайберді, інісі Құттымұхамбетке айттырылып, қалыңдық кезінде жесір қалған соң өзі алған екінші әйелі: Ұлжаннан – Тәңірберді (Тәкежан), Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан – Халиулла, Ысмағұл туады. Қартайған шағында үйленген ең кіші әйелі Нұрғанымнан ұрпақ жоқ. Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді.

4,6(16 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ