М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Emmaasakura
Emmaasakura
18.01.2022 03:45 •  Қазақ тiлi

Оқылы Мәтінді мұқият оқып, гомендегі тапсырмаларды орын алып
Ор ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын,
қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазак салт-дәстүрге бай халык Казак
халқына бауырмалдык, адамгершілік, қонақжайлылык, мейірімділік сияқты
қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш - нәрестенін дүниеге келуі.
Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, казактар
өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік той,
тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймак, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-
анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардын урпактары ата-аналарын
картайғанда камкорлыкка алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің
Ата заңымен қорғалады. Ата-а балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар
да ата-аналары картайғанда, камкорлык жасауға міндетті.(112 сөз)
1. Мәтіннің негізгі ойын
анықтаңыз.
А. үлкенді сыйлау
В. баланың өмірге келуі
С. қазақтың салт-дәстүрі
D. казактын конақжайлылығы

👇
Ответ:
даsha3
даsha3
18.01.2022

Менің ойымша «с» шынымен қиын екен

4,7(54 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Galiavey370
Galiavey370
18.01.2022

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.

Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.

16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот мәжілістерін өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.

Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

4,4(92 оценок)
Ответ:
простой221
простой221
18.01.2022

«Өнер» туралы мақал-мәтелдер:

Өнерлі өрде озар,  

Өнерсіз жігіт жер соғар.  

*   *   *   *   *

Өнерлі өрге жүзер.  

*   *   *   *   *

Ақыл көпке жеткізер,  

Өнер көкке жеткізер.  

*   *   *   *   *

Өнерліге өлім жоқ.  

*   *   *   *   *

Өнерлінің қолы алтын,  

Өлеңшінің сөз алтын.  

*   *   *   *   *

Өнерлі бала сүйкімді.  

*   *   *   *   *

Өнер білсең-өлмейсің.  

*   *   *   *   *

Өнерлінің өзегі толмас.  

*   *   *   *   *

Өнер-таусылмас азық.  

Жұтамас байлық .  

*   *   *   *   *

Бай болмасаң бай болма  

Өнер, білімге сай бол,  

*   *   *   *   *

Өнерлі қол бақытқа жол.  

*   *   *   *   *

Ілім-іштегі нұр,  

Өнер сыртқа салынған түр.  

*   *   *   *   *

Өнер таусылмас азық,  

Сарқылмас байлық.  

*   *   *   *   *

Өнерді үйрен  

Үйренде жирен.  

*   *   *   *   *

Өнер қанат  

Білім санат.

4,4(82 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ