Жолбарыс күркілдеп, бұрқанып жатыр. Барыс таулы жерде мекендейді.
Қасқыр айға қарап ұлиды.
Аю қорбаңдап, қысқы ұйқыға кетеді.
Түлкі ырсылдап тамақ іздейді.
Вот вопросы
Вот текст к вопросам :
Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін», — деп
жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды. Атасы барысты сайысқа дайындайды.
— Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! — деп, атасы барысқа ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.
Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады.
— Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады, — деп бүркіт жариялайды.
Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді.
Жартылай сайыста аю мен қоян, барыс пен борсық күреседі. Аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады. Барыс аюмен күреседі. Ол атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де ептілікпен өзінен күшті аюды аяқтан шалып жеңеді. Сөйтіп, барыс ептілік пен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.
Қысқы және жазғы олимпиада ойындарын салыстыру.
Олимпиада ойындары немесе Олимпиада төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.
Олимпиада ойындарының ұраны - «тезірек, жоғарырақ, күштірек». Олимпиада ойындары әрбір төрт жыл сайын өткізіліп тұрады, қысқы және жаздық болып екі түрге бөлінеді.
Әрине, ең басты айырмашылықтары өткізілу маусымында: бірі қысты өтсе, екіншісі жазда өткізіледі. Қысқы спорт түрлеріне: биатлон,трамплиннен секіру, бобслей, скелетон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт – трек, биатлон т.б. жатады. Қыстан басқа мезгілде спортшылар спорт залда жаттығып, ал үлкен жарыстарға дайындық үшін арнайы салқын жаққа жол жүреді.
Ал жазғы спорт түрлері қысқы спорт түрлерімен салыстырғанда едәуір көп: жүзу (түр - түрімен), футбол, баскетбол, воллейбол, бокс, карате, таеквондо, жеңіл атлетика, қол добы, академиялық есу, бадминтон, күрес, велоспорт, су добы, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, дзюдо, ат спорты, үстел теннисі, желкенді спорт,суға секіру, қазіргі бессайыс, нысана көздеу, садақтан ату, теннис, триатлон, ауыр атлетика, семсерлесу, көгалдағы хоккей т.б.
Екі ойын түрі де төрт жылда бір рет алдын – ала арнайы Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) сессиясында анықталған қалада өткізіледі.