Жедел өткен шақ.
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағы жалғану арқылы жасалып, жіктеліп колданылады.
Мысалы: Асан концерттің ашылуында домбыра тарт-ты.
Мен мерекелік жиында өлең айт-ты-м.
Демалыста сен ауылға келме-ді-ң.
Бұрынғы өткен шақ.
Бұрынғы өткен шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен салыстырғанда әлдеқайда бұрын болғандығын білдіреді.
Бұрынғы өткен шақ екі түрлі жолмен жасалады.
а) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады: (мен) бар-ған-мын, (сен) кел-ген-сің, (ол) айт-қан.
б) Бұрынғы өткен шақ -ған, -ген, -қан, -кен тұлғалы есімшеге немесе -ып, -іп, -п тұлғалы көсемшеге еді, екен көмекші етістігі тіркелуі арқылы да жасалады.
Мысалы: Сен мектепті бес жыл бұрын бітіргенсің.
Ол жұмыстан демалыс алып ауылга барыпты.
Кеше маған шетелден хат келген екен.
Ауыспалы өткен шақ.
Ауыспалы өткен шақ есімшенің -атын, -етін, -йтын, -йтін жұрнақтары арқылы жасалып, бірде өткен шақ, бірде келер шақ мағынасында қолданылады. Сондықтан да оны ауыспалы өткен шақ деп атайды. Мысалы: Асан ауылға жиі баратын.
Сен кітапханаға қашан баратын едің?
Мектепте оқып жүргенде мен кітапханаға жиі баратынмын.
Менің ана тілім
ана тілін арын бұл ұятын болып тұр бетте өзге тілдің бәрін біл өз тілінде құрмете деген өлең шумақтар есіме келді. Анамның ақ сүті мен берілген тілім ол қазақ тілі, менің ана тілім. Мен өз мемлекетік тілім қазақ тілімді жақсы көремін. Ол әлемдегі ең бай тілдердің қатарына кіреді. Тілдің көмегімен адамдар бір-бірімен байланысады, ақпарат таратады, жаңа нәрселер үйренеді және ғылымды дамыта алады. Адамзат қол жеткізген жетістіктер, олсыз жүзеге а еді. Егер біз сөйлеу қабілетіне ие болмаған жағдайда, өміріміз қандай болатындығын елестетіп көріңіз. Көп адам, қазақ тілінде жаңа сөздердің пайда болуына қарсы, бірақ мен мұны қолдаймын. Өйткені, әрбір ақылды адам, ана тілін дамытуға тырысу керек. Әр адам өзіннің тілін ардақтау керек