Матиннен курдели создерди терип жазындар:матин:Ауыл – дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан ұғым. Ж.Әбдірашев: «Ауыл – қаланың анасы, анасын ұмытпайды баласы» - деген екен. Ауыл – әр халықтың, соның ішінде қазақ халқының алтын бесігі, темірқазығы. Ұлтымыздың салт-дәстүрі, қаны мен жаны сол ауылдан басталады. Халық мақтанышына айналған әйгілі арыстарымыздың бәрі де сол ауылдан шыққан. Сондықтан да елімізді көркейтуге осы бастан өз үлесімізді қосуға тиіспіз. Ал біздің үлесіміз – сапалы білім алып, ел болашағын ойлайтын азамат болу. «Ауыл түбі – бірлік, қауым түбі – тірлік» деген мақал ауылдың этникалық, экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді. Ауыл адамдары қала адамдарына қарағанда салтты берік ұстанады, қарапайым, жомарт, ашық, кішіпейіл, бауырмал, мейірімді болып келеді. Себебі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып барлығы ауылда жақсы сақталған. Ауыл адамдары кеш ұйықтап, ерте тұрады. Ауылда таза ауа, дала тып-тыныш болады.
Қала өмірі тынымсыз тірліктен тұрады. Таңнан кешке дейін көліктің дауысы құлақ тұндырады. Қаптаған халық, у да шу. Қала адамдары барлық жаңалықтан хабардар, бірақ көбіне өзімшіл болып келеді
«Оливье» салатын дайындау тәсілі.
«Оливье» салаты әдетте Жаңа жыл символы саналып, көп отбасыларында Жаңа жыл қарсаңында көп мөлшерде әзірленеді. Әркімнің бұл салатты жасау тәсілі әртүрлі болуы мүмкін. Төменде біздің үйде жасалынатын рецептпен бөлісемін.
Керекті азық – түлік:
Картоп 3 – 4 дана (орташа);
Сәбіз 2 – 3 дана (орташа);
Жұмыртқа 6 – 8 дана (бірінші категориялы);
Шұжық (колбаса) немесе піскен ет 400 гр.
Тұздалған қияр 300 гр.
Көк бұршақ 1 құты
Майонез 4 – 5 ас қасық.
Тұз қалауыңыз бойынша.
Дайындалу барысы:
Алдымен жұмыртқаның сыртын жуып, үлкендеу ыдысқа картоп, сәбізбен бірге салып, су құямыз да, оны пешке қоямыз. Ол қайнағаннан кейін, отты ақырынға қоямыз да, 15 – 20 минут шамасында пісіреміз. Көкөністер піскенше шұжық пен тұздалған қиярды кішкене текше пішіндес етіп турап, үлкен тегешке саламыз. Піскен көкөністер суыған соң, оларды да кішкене текше пішіндес етіп тураймыз. Жұмыртқаның сыртын тазалап, оны да турап, тегешке саламыз. Бір құты көк бұршақ пен майонезді қосып араластырамыз. Дәмін көріп, тұзы аздау болса, сәл тұз қосамыз. Дайын салаттың бетін жауып, бір – екі сағат тоңазытқышқа салып қоямыз. Салқын күйінде дәмдірек. Астарыңыз дәмді болсын!