М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
KARINALEMANN
KARINALEMANN
02.04.2020 19:24 •  Қазақ тiлi

Жаһандану мәселелері эссе ​

👇
Ответ:
aboderu
aboderu
02.04.2020

ответ:Бұл сөз ағылшын тілінен "global" - "дүниежүзілік" деп аударылады, орыс тілінде "глаболизация" деп айтылып жүр. Қазақ тілінде: ғаламданБу, жаһандасу, ғаламшарлану, әлемилену дегенді де естиміз. Ал енді ғаламдану – жаһандасу, ғаламшарлану дегеніміздің ұғымдық-мағыналық жағын айтсақ, аты айтып тұрғандай, ғаламдану қандай да болсын үдерістің, іс-әрекет барысының немесе мәдени-әлеуметтік феноменнің, құбылыстың бір ғана ұлт, халық, мәдениет, өркениет немесе құрылық шеңберімен шектелмей, бүкіл планеталық, жұмыр жерлік, бүкіл әлемдік деңгейде көрініс тауып, маңызға ие болуын танытатын ұғым. Жаһа«Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1. «Менталдық» немесе «Мәдени Жаһандану — дәстүрлердің,  діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен,  6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді. Адамзаттық мәдени құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық” Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр. Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен (желілік мәдениет, кибермәдениет) ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің (классикалық, еуропалық,  америкалық,  шығыстық,  мұсылмандық  және  үнділік) синтезі көріне бастады. Бұл жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап етеді;

2.Экономикалық жаһандану — екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың,  корпорациялардың  іріленуімен түсіндірілед

Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі;

жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

1.Аумақтық жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық      және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді. Бұл ретте Жаһандану нәтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылады. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық және мәдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір мамандар дәстүрлі мемлекеттерді аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үрдісі дами түседі деп есептейді. Ал енді бір зерттеушілер аймақтық қоғамдасу үрдісін бүкіләлемдік Жаһанданудың зиянды әсерінен қорғанудың бірден бір жолы деп қарайды.

2.Ақпараттық-коммуникациялық жаһандану— қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады. Сонымен қатар, келешекте екі бағыттағы ғарыштық жүйелерді басымдылықпен дамыту; байланыстырудың жеке жүйесі мен жаhандық позицияланудың дамуы; ақпараттық коммуникациялық кешендердің негізінде бизнесті, өндірістік үрдістер мен үй шаруаларын басқарудың жаhандық жүйесін құру; өмір сүру үрдістерінің мейлінше үлкен бөлігін компьютрлендіру мен роботтау жүреді;

3.Этникалық жаһандану—негізгі екі үрдістен тұрады — планета халқының санының өсуі және әр түрлі этникалық топтардың өзара ассимиляциясы»[1].

Жаһанданудың негізгі осылай жіктелуін ескере отырып негізгі нәтижелерін ескере кетуімізге болады. Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады:неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу. Жаһандану тұңғыш рет біртұтас ақпараттық кеңістік арқылы әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөліктерін — өндірісті,  ғылымды,  қаржыларды, тұтынуды біріктіруде. Олардың қазіргі өзара тәуелділігі соншалықты, ұлттық және аймақтық нарықтардың әлемдік нарықтан кез келген оқшаулануы ол ұлтты немесе аймақты құлдырауға ұшыратады. Жаһандану кері айналмас сипатқа ие болып, экономикалық дамудың шартына

Объяснение:

Мен ұлт пен ел мәселесін қозғамай тұрып, алдымен мынадай мәселеге тоқталсам: Жаһандану дегеніміздің өзі не? Ол қандай құбылыс? Бұл құбылыс адамзат тарихында көрініс тапқан ба, әлде бұл тек қана ХХІ ғасырдың дүбірі ме?

4,7(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
polcha2002
polcha2002
02.04.2020

Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.

 

"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық…”

 

Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.

 

Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.

 


4,7(16 оценок)
Ответ:
dimaalexandrovi
dimaalexandrovi
02.04.2020

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасы.

Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылған 18 желтоқсаннан бастап ашылады.

Биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында жағылады. Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр.

Елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны — Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы — ЭКСПО көрмесі де болады.

Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынып жатыр. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы — 5 мың шаршы метр.

Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ.

«Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты – елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», – дейді мәдениет басқармасының ба з қызметі.

4,6(93 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ