(1846-1946) Екі ғасырдың куәсі, жыршы-жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келді. Ұстазы Сүйінбайдан бата алған Жамбыл Бақтыбай, Сары, Сарбас,Досмағамбет, Құланаян Құлмамбет, Шашубаймен айтысып, оларды жеңгеннен кейін Жетісудің ерен жүйрік ақыны аталады. Бұл айтыстарда ақын қарапайым халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайды. 1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл патшаның соғысқақазақтан қара жұмысқа адам алу жарлығына қарсы шығып, өлең - жырлар шығарады. Жамбылдың шығармашылық өрлеу дәуірі жасы 70-тен асқан соң, кеңес өкіметі қамқорлығы арқасында ашылады. Жамбыл есімі Одаққа кең жайылып, Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен қол жеткен жетістік оның жырларына арқау болады. 1936 жылы Жамбыл Москвада өткен қазақ өнерінің онкүндігіне, 1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толу тойына қатысады. КСРО Жоғары кеңесінің президиумы Жамбылдың халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, оны "Еңбек Қызыл ту", "Ленин" орденімен марапаттайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін, халқын жауды жеңуге жігерлендірді. Ол ең жоғарғы сыйлық - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Жамбылдың "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" аталатын дастандарында халық үшін еміренген, еліне қамқор, пана болған халық батырларының ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген.
І.Кіріспе. Ақ бұлттай кірсіз табиғат. ІІ. Негізгі бөлім 1) Табиғат тіршіліктің қайнар көзі. 2) Табиғат пен адам тамырлас. ІІІ. Қорытынды. Табиғатты қорғау- біздің парызымыз Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдына елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тербетеді. Бұлттары аппақ мақтадай, шөптері жасыл кілемдей төселген. Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар. Табиғат жайлы өнегелі сөздер, мақалдар мен өлең- жырлар да аз емес. Оның керемет әсемдігін жырлаған, суреттеп жазған ақындар баршылық. Табиғат көркемдігін өз өлең-шумақтарында жырлаған ақындардың қатарында Абай Құнанбайұлы («Жаз!, «Күз», «Қыс»), Сұлтанмахмұт Торайғыров («Шілде»), Қасым Аманжолов («Дауыл»), Ыбырай Алтынсарин («Өзен») сияқты ақындарды атауға болады. Шалғайын шалқар маушыған Бұлт келді, көктем кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан, Топырақ иісі бұрқ етті. Шілде мен тамыз пышаны Шаң ғана болса, Қалдырма Терезелер құшағын Түгелдей ашшы жаңбырға,- деп Қадыр Мырзағали атамыз әсем табиғатты жырлады. Табиғат көркемдігін ақ қағаз бетіне түсірген ақындарымыз оның құдіретін білген. Сол өлең жолдарын болашақ ұрпаққа, яғни бізге қалдырып отыр. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді. Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.
Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып, тұрған болмыс , адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат а дүниеге келтіріп бойындағы махаббат мейіріммен, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан - Аяулы Ана. Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес. Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от. Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан. Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды. Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ". Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
Жамбыл есімі Одаққа кең жайылып, Кеңес Одағындағы әрбір маңызды оқиға мен қол жеткен жетістік оның жырларына арқау болады. 1936 жылы Жамбыл Москвада өткен қазақ өнерінің онкүндігіне, 1937 жылы грузин ақыны Шота Руставелидің туғанына 750 жыл толу тойына қатысады. КСРО Жоғары кеңесінің президиумы Жамбылдың халық поэзиясын өркендетудегі еңбегін айрықша бағалап, оны "Еңбек Қызыл ту", "Ленин" орденімен марапаттайды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбыл өлеңдері кеңес жауынгерлерін, халқын жауды жеңуге жігерлендірді. Ол ең жоғарғы сыйлық - Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. Жамбылдың "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" аталатын дастандарында халық үшін еміренген, еліне қамқор, пана болған халық батырларының ерлік, адамгершілік бейнесі өрнектелген.