Хат
Ұлым, амансың ба ? Қалың қалай ? Оқуың жақсы ма ? Балам, ақшаң жеткілікті ме ? Пәтерің жылы ма ? Өзіміз аман-есен жүріп жатқан. Анаң екеуіміз сені көп ойлаймыз. Еркін, оқуың қашан аяқталады ? Маусымда біз саған барамыз. Оқу орныңды, жатар орныңды көргіміз келеді. Әзірге, Хасеннен ақша, тамақ беріп жібереміз. Не керегін Хасенге айтып жіберерсің, жақсы ма ? Құлыным, жылы киін. Тамғыңды уақытылы іш. Қарғам, сабағыңнан қалма. Күнім, айналайын, хабарыңды бер. Хасен ағаңнан керегі жоқ киімдеріңді беріп жібер. Ал, шырақ, сау бол. Бетіңнен сүйдік ! Әкең және анаң.
Гитара
Барабан
Скрипка
Фортепиано
Микрофон
Нота
Музыка
Өздік етіс деп - қимыл, іс әрекет орындаушысына, іс иесіне бағытталып, тікелей соған қатыстылығын білдіріп, әдетте сабақты етістіктерге - ын,- ін,- н жұрнағы жалғану арқылы жасалатын етістіктің түрін айтамыз. Мысалы: Таң атқанша тарандық (Махамбет). Оқушылар ерте тұрып, жуынды. Бала өзі киінді деген сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары әрі белгілі бір иесі(орындаушы)- біз (тарандық), оқушылар (жуынды), бала (киінді) арқылы орындалғандығын, әрі қимыл сол иесіне бағытталғанын білдіріп тұр.