Өз елің – алтын бесігің.
Бірде бізге мұғалім “қандай елдерге барып,саяхат жасағыларың келеді?” деп сұрақ қойған.Сыныптастарым: “Жапония!Ұлыбритания!АҚШ!” - деп шулап қоя берді.Ал мен болсам үнсіз қалдым.Үйге келіп бұл сұраққа шындап ойлағанымда “туған жерімнен басқа жаққа кеткім де келмейді” деп шештім.Әрине, әркімге әрқалай.Алайда менің Қазақстаным өзіме қымбат та қадірлі, сүйікті әрі аяулы.Қазақ жерінің асты да,үсті де қазынаға бай.Ал қазақ халқының жомарттығына,ақкөңілділігіне еш халық тең келмейді.Мен осы жерде қасиетті алтын бесікте ардақты ана сүтімен көзімді аштым,есейдім.Мен осы жерде дара ұстаздарыммен білім алудамын.“Туған жердің күні де ыстық,түні де ыстық" демекші,маған Қазақстанның аптап ыстығы да қатаған сары аязы да өзінше жылы,қымбат.Басқа елде бар нәрсе менің де байтақ туған жерімнен табылады.Сондықтан да мен “өз елің – алтын бесігің” деген қағиданы нық ұстанып,туған елім мен жерімнің өркендеуіне ат салысатын боламын.
Əрбір мектептін өзіндік мектеп формасы болады. Ал оны қатан турде сақтау қажет. Мектеп формасын киіп, оны таза устап, форманы сақтасан улгілі оқушылардын қатарына қосыласын. Қазіргі танда оқушылардын біраз бөлігі мектеп формасын сақтауды жөн көрмесе, енді бірі форманы тап-тұйнақтай етіп сақтап журеді. Мектеп формасын сақтап, тəртіпке бағыну оқушынын тəртібі мен санасынын жоғары денгейде екендігін көрсетеді деуге болады. Қазірден бастап мектеп формасын сақтамай тəртіпке бағынбаған оқушы кейін өскенде занға да, жумысындағы тəртіпке де бағынбайды. Сондықтан оқушы мектеп кезінен бастап форманы сақтауды, тəртіпті бұзбауды уйренуі керек. Мектеп формасы əрбір оқушының сəнін келтіріп, ерекше өң беріп турады.