19 ғасырдың екінші жартысында пайда болған қазақ баспасөзінің көш басында жалынды сөз-публицистика жанры тұрғаны рас. өз бастауын аса бай халық ауыз әдебиетінен алған қазақ көсемсөзі шоқан, ыбырай, абай шығармаларынан көрініс тапты. журналистика ғылымын көп зерттеген ғалым т. ыдырысов мынадай анықтама берген: "публицистика – жазушы мен журналистің пікірі, күнделікті өмірге, әрқилы қоғамдық құбылысқа пікір айтуы, кемел талантпен үн қосуы, көркемдік шабытпен терең ой тастап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі. екінші сөзбен айтқанда, публицистика дегеніміз – саяси- көркем проза, қаламгердің қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді толғауы". осы реттен алғанда, публицистика қашан да қоғамдық өмірдің алғы шебінен табылатыны ақиқат. "публицистика – кең мағыналы, аумақты ұғым. оны тар шеңберде тұжырымдауға болмайды. оған белгілі бір маңызды оқиғаларға арналған саяси, насихаттық, проблемалық мақалаларды да, деректі естеліктерді де, мен мәдениеттің өзекті мәселелерін қозғайтын жинақы корреспонденцияларды да, репортаждар мен сұхбаттарды да, арнаулы ашық хаттарды да жатқызуға болады. асқақ шабытпен, әсерлі жазылған газет мақаласы, сөз жоқ, көркем шығармалар жазуға итермелейді. публицтистика әрбір сөзді, әрбір пікірді елеп, сұрыптап жазатын тарих емес, ол өмірдің өзі деуге болады. алайда публицист дәуір тынысын дәл танып, күнделікті жағдайға белсенді араласатын саяси- әлеуметтік құбылысты бұқараға таптық тұрғыдан пәрменді жеткізетін жұртшылықтың талап тілегіне дер кезінде үн қосатын қоғам қайраткері. ол – жан- жақты білімді дүниедегі өзгерістерге батыл, сергек қарайтын адмзат тағдырына ойлана көз жіберіп, принципті қорытындылар жасайтын, өзінің көтерген мәселесіне байланысты қоғамдық пікір туғыза алатын жалынды қаламгер. публицистің шығармаларында "ақиқат заңдылық" басым тұрады. алайда, ескіні еске алмай, жаңаның жарқын келбетін тану қиын. олай дейтінім әрбір халықтың тарихи көшінің ұлан- ғайыр, ұзақ сапарында ұмытылмас ұлы кезеңі, биік белесі болады. қазақ халқы өз тарихында талай кемеңгерлерді туғызды. киіз туырлықты қазақтың өзіне сай, өз ортасын жарып шыққан даналары мен ақылгөйлері толып жатыр. найза ұстаған қаһарман батырлары, сөз асылын терген ақындары болды. олар халқымыздың зор мақтанышы екендігіне сөз жоқ. асыл сөздің маржанын терген, құнарлы ойдан туған құнды сөз арқылы өз толғанысын халқына жеткізе білетін де жазушы. әрбір жазушының өз шығармасындағы сөз қолданысы халқтың көңіліне бейне шамшырақтай орнағаны абзал. яғни сөз өмірдің салихалы түйіні. олай болса, сөз өнерінің бейнелілік, суреттілік қасиетінен туындайтын ң эстетикалық ой сезімін қалыптастыруға үлкен әсер ететін ең басты сипаттың бірі.
Күндіз көрінетін жұлдыз қалай аталады? Бұл-аспандағы ең жарық жұлдыз,жарықтығы сондай, азанда-барлық жұлдыз өшкен кезде таң шапағымен бірге жарқырап тұрады. Ал ақшамда. көк жүзінде бар жұлдыздан озып ,ең алдымен көрінеді. Бірақ бұл жұлдыз емес. Бұл-Шолпан (ғылым тілінде Венера деп аталады),біздің. күн жүйесіндегі екінші планета.Басқа планеталар сияқты,Шолпан да өздігінен жарық шығармайды,тек күн жарығымен шағылдырады.Сондықтан да ол күмістей жарқыраған шам сияқты болып көрінеді . Ақ сәулелі әсемдігінеорай Шолпанды таң жұлдызы деп те атайды. Шолпан мен біздің Жерге ұқсас сипаттары көп . Екеуі де көрікті; бірі-көгілжім , екіншісі ақ-күміс.Көлемдері де шамалас, екеуі де ауа желектеріне оранған .Бірақ жермен салыстырғанда козғалысы баяу әрі оралымсыз. Жер өз осінен 118 рет аналғанда,Шолпан бір-ақ рет айналып үлгереді екен.