М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
arizonacoins
arizonacoins
24.07.2021 09:12 •  Қазақ тiлi

Тунгыш ким ушкыш казак кызы

👇
Ответ:
owl9masha
owl9masha
24.07.2021

Хиуаз Доспанова қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы

4,5(27 оценок)
Ответ:
Krooop04
Krooop04
24.07.2021

Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданда ерлікпен шайқасқан әскери ұшқыш-штурман, қазақ қызы. Атырау топырағында дүниеге келген қайсар қыз соғыс кезінде атақты ұшқыш Марина Раскова басқарған авиация түнгі бомбалаушы–ұшқыштар полкінде қызмет атқарған. Қанатты қыз Солтүстік Кавказ, Кубан, Қырым, Украина, Германияны жаудан азат ету жолында әуеге үш жүзден аса мәрте көтеріліп, жаудың күшін әлсіретіп, жеңіс күнін жақындатты. Хиуаз Қайырқызы «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көзсіз ерлігі үшін көптеген медальдармен марапатталған. Дегенмен әуеде оқ пен оттың ортасында ұшып жүріп, талай ерлік көрсеткен Хиуаз Доспанованың ерлігі Кеңес Одағының батыры атағына лайықты болғанмен, бұл атақ берілмеді. Соғыс біткеннен соң, жарты ғасырдан астам уақыттан соң, қанатты қыздың Отаны - Қазақ елі ұшқыш қыздың ерлігін Халық қаһарманы атағымен бағалады.  

Хиуаз мектепте оқып жүргенде-ақ ұшқыш болуды армандады. Ол асқақ арманына жету үшін мектептегі оқуымен бірге Орал қаласындағы аэроклубта қатар оқыды. Алғашқы ұшу сапары, парашютпен секіру секілді жауапкершілікті сынақтардан мүдірмей өткен қайсар қызға облыстық әскери комиссариат «Запастағы ұшқыш» деген атағы жазылған куәлікті табыс еткенде Хиуаздың ойында «Мен ұшқышпын. Енді қайтсем де Марина Расковамен кездесуім керек»деген ой ғана болды. Бірақ қаршадай қыз бұл арманы екінші дүниежүзілік соғыста ғана орындаларын білмеген еді.

-Қазақстандықсыз ба?-деп сұрады Раскова.

-Ия.

-Қазақпысың?

-Ия.

-Запастағы ұшқышсыз ғой?

-Ия.

-Қандай іске бет алғаныңызды ұғасыз ба? Бұл соғыс!

-Мен комсомол мүшесімін.

-Басқа сұрау жоқ, қабылдау бөлмесінде күте тұрыңыз, - деді Раскова, мен шығып кеттім.

Бұл Хиуаз Қайырқызының «Халқым үшін» атты естелігінен үзінді.

Қысқа да нұсқа қойылған өз сұрағына қазақ қызының мірдің оғындай жауаптары Марина Расковаға запастағы ұшқыш қыздың осал жан еместігіне сендірген еді. Осылайша атақты ұшқыш М.Раскованың командирлігімен әйелдерден құрылған әуе полкіне Отан алдындағы перзенттік парызын өтеуді мақсат еткен қазақтың қайсар қызы Хиуаз Доспанова да қабылданды. Бала күнгі арманы орындалған Хиуаз өзіңе ұшақты басқаруды сеніп тапсырған М.Расковамен бірге ұшқан алғашқы күнін әсте жадынан өшірген емес.

Көп ұзамай ұшу сапарлары аңызға айналған ұшқыш Марина Раскованың барлық тәжірибесінен өткен әйелдерден құрылған полктің де майданға аттанар сәті келді. Кәсіби ұшқыш М.Раскова полкті майдан шебіне дейін өзі бастап апарды. Тұнғыш рет әйелдерден құрылған түнгі жеңіл бомбардировщиктер полкін аға лейтенант Е. Бершанская басқарды. Майдан шебіне жетіп, алғашқы әскери тапсырманы алғанға дейін 18 жастағы өрімдей бойжеткендер соғыс деген тура келген ажал екенін жете түсінбегендері анық. Бірақ соғыс деген атының өзі қайғы екенін жас жүректері сезген еді

Объяснение:

100% шыңдық
4,7(39 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
katya100507
katya100507
24.07.2021

Анамыз бізді қалай аялап, бағып қақса, Жер ана да бізді солай бағып жатыр. Ата – бабамыз осы жер үшін сан ғасырлар бойы қан төгіп, басын қатерге тіккен. Сондықтан да, біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – бәріміздің міндетіміз. Адамзат Жер ананы өз қолынан жасады. Мысалы: ағаш отырғызып, гүлдер егіп, жалпы айтқанда өсімдіктер отырғызу арқылы, Жер ананың пайда болуына үлкен үлес қосты.

4,7(41 оценок)
Ответ:
missstelmah2002
missstelmah2002
24.07.2021
Бұл бір ұзақ ертегі. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Қысқаша айтатын болсақ, ертеде жылан патша болады, ол біраз жылдардан соң өз тамағының ерекше болғанын қалап, маса мен шіркейді өзіне шақырады. Оларға дүниеге ең тәтті қан кімдікі екенін біліп келуді тапсырады. Ең тәтті қанды анықтаған маса жылан хабарлауға асығып ұшып келе жатқанда қарлығаш жолығады. Масаны мақтап кімнің қаны тәтті екен, бізбен де бөліссеңші,- дейді, мақтағанға масаттанған маса, ең тәтті қан адам қаны екенің айтады. Қарлығаш оған сондай қанның дәмін татқан, тіліңді көрсетші,- дейді. Сол кезде масаның тілін жұлып алады. Маса жыланның алдын келіп ештеңе айта алмай, ызыңдайды, сонда қарлығаш, ең тәтті топырақ,- деп тұр дейді жыланға. Бірақ, маса еңіреп жылап, қарлығаштан болғанын көрсетеді. Жылан бар бәле сенен болған екен ,- деп тұр ұмтылғанда қарлығаш ұшып кетеді, ал құйрығы жыланда қалады. Содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
4,8(31 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ