Менің болашақ мектебім үлкен заманауи стильге сай болады. Оның үлкендігі сондай, оған 150 сынып, 1500 оқушы болады. Болашақ мектебімді құрылысшылар мен үшін және басқа білім алғысы келетін балалар үшін салады. Құрылысшыларға бұйрық айтатын әкем ал анам мектеп директоры болады.
Мектептің сыныптары кең, әдемі , әртүсті және үстінде айтылғандай заманауи болады. Сыныптарда 18 парта, 2 адамнан болады және де мұғалімдерге арналған керемет мықты үстел болады. Орындықтар сыныпқа сай болып, яғни бізге ұнайтындай болады.
Бізде мектепте күнде 4,5 немесе 6 сабақ 45 минуттан және 5, 20 минуттық қоңыраулар болады. Әр күні 2-ші сабақтан кейін асханада тәтті тағам береді. Таңертең күнде 15 минуттық дене шынықтырып , қыздырып дайындаламыз.
Менің болашақ мектебім керемет, баршаға ұнайтын болады!!!
Объяснение:
Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны өткенімен және болашағымен байланыстырады. Ата-баларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап бізге аманат етіп қалдырған асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Жыраулар жырлаған, ақындар өлең арнаған, суретшілер сурет арқылы туған жердің әсемдігін, олар үшін аса қымбат екендігін көрсетуге тырысқан. Туған жеріміздің топырағы, асқар таулары мен өзен-көлдері, даласы өте қажет екенін, сол үшін туған жерімізді құрметтеу, қорғау біз үшін міндет екенін естен шығармауымыз қажет. Бір сәт көзімізді жұмып туған жерімізді ойға алатын болсақ, ең алдымен ата-ана, бауырларымыз және достарымыз еске түседі. Себебі туған жер ол адамның шағын Отаны. Самал желімен, балалық шақтағы естеліктерімен, ата-апаларының қызықты әңгімелерімен байланыстырады. Халықта «Туған жердің жусаны жұпар», – деп бекерден айтылмаған. Әрбір тас, әрбір гүлі, бәрі-бәрі адам үшін ыстық болып тұрады. Сонымен қатар бабаларымыз қалдырған туған жерге байланысты керемет мақалдар көп.