Өз туған тіліңмен қатар, өзің тұрып жатқан елдің тілін білу міндет, ал басқа ұлттың тілін білу қажет деп есептеймін. Себебі, тіл өзге халықтың мәдениетіне , салт-дәстүріне есік ашатын кілт секілді. Жаңа тілді үйренген сайын, адамның ой-өрісі , қоршаған ортаға деген көзқарасы да дамиды. Басқа елдің адамымен араласқан сайын мәдениеттілік те жоғарылайды. Көп тілді білген адам, қартайғанда мидың Альцгеймер, Паркинсон секілді аурулармен ауырмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Ал көп адамның арманына айналған басқа елдерге саяхат ше? Қыдырып барған еліңде, біреумен сол тілде сөйлессең, дәрежең жоғарылай түседі.
Қадыр Мырза Әлі
Тіл — жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт — жойылған жұрт.
Халел Досмұхамедұлы
Тіліңді жоғалту,су қараңғы көзсіз қалғаныңнан да өткен қасірет.
Жалау Мыңбаев
«Тіл –атадан қалған асыл мұра», «Өнер алды –қызыл тіл»
Тілден артық қазына жоқ Тілден артық қасиет жоқ.( Н.Назарбаев.)
Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,-
Өз тіліңіді құрметте! (Қ.Мырзалиев)
Тіл жоқ жерде ,ұлт жоқ. (Ш.Айтматов)
Тәрбие басы –тіл. (М.Қашқари)
Игі істің басы –тіл,тәрбие басы –тіл. (М.Қашқари)
Әркімнің туған тілі –туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе.(С.Мұқанов)