1ж мен аламын (алармын), жеймін
2 ж сен аласың(аларсын), жейсің
2ж. сіз аласыз(аларсыз), жейсіз
3 ж. ол алады (алар), жер
КЕлер шақ (мн ч)
1ж. біз аламыз)алармыз), жейміз
2 ж. сендер аласындар(аларсыңдар), жейсіңдер
2 ж.сіздер аласыздар(аларсыздар), жейсіздер
3 ж. олар алады(алар), жер
Өткен шақ (едч)
1 ж мен алдым, жедім
2 ж.сен алдың, жедің
2 ж. сіз алдыңыз, жедіңіз
3 ж. алды,жеді
Өткен шақ(мнч)
1 ж біз алдық, жедік
2 ж.сендер алдыңдар, жедіңдер
2 ж.алдыңыздар, жедіңіздер
3 ж. олар алды, жеді
Менің болашақ мамандығым.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Соңғы уақытта, мен өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп көп ойланып, толғанып жүрмін. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Айналамыз толған электр қуаты. Алысқа бармай-ақ, үйіміздің өзінде қаншама электр қуатымен ғана жұмыс істейтін құрылғылар, жабдықтар бар. Егер электр қуаты ғылымның нәтижесінде қолданысқа берілді десек, "ғылымның бастауы да болмаған кезде алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?" деген сауал туады. Ол кезде адам мен табиғат арасында ешқандай шекара болмады. Олар бірге өмір сүрді.
Ал қазір ше? Қазір бізге электр қуатынсыз бір күн болсын өмір сүре алмайтындай көрінеді. Меніңше, бұл қолымыздан келеді. Тек күнімізді дұрыс жоспарлай алу керек.
Мысалы, бір күн бойы үйде отырсам, әлбетте, шыдай алмай кетуім мүмкін. Сондықтан көп уақытымды тыста өткіземін. Жақын маңдағы саябаққа жаяу барамын. Доп не велосипедімді де ала кетуді ұмытпаймын. Кейін кітапханаға баруға болады. Қалаған кітабымды алып оқу залында отырып оқимын. Ең бастысы кітап мені қызықтыруы керек. Достарымның үйіне барып, аулада әңгіме айтуға да болады. Сонан соң сурет салу, балаларға арналған әртүрлі журналдар оқып, тапсырмаларын орындау және т.б. Көрдіңіз бе, біз электр қуатынсыз өмір сүре аламыз. Бірақ ұзақ уақыт емес. Кейбір іс-әрекеттер электр қуатынсыз жүзеге аса алмайды. Мәселен, қараңғы батқанда үй тапсырмасын орындау, тамақ пісіру, қаланың келесы шетіндегі шұғыл жағдайда байланысу, тағысын тағы. Ең бастысы – барлығы мөлшерімен болғаны дұрыс.