Сөйлем мүшелері құрамына қарай бөлінуі.
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.
Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.
Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.
Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.
Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді. Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.
Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады. Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.
Біз «қазақ киносының тілі өте кинематографиялық» деп мақтанамыз. Бірақ, бұл, «кино лайым классикаға ұқсағысы келіп тұруы керек» деген сөз емес. Мойындайық, өз-өзімізді ұмытып, бәріміз «кинематографиялық» киноның соңынан кетсек, қазақ көрермені Голливудтың жемтігі бола береді. Қазір бұқараның санасы үшін күрес жүріп жатыр. Зеңбірекке қарсы ақберенмен шығуға болмайды. Бұқаралық киноға қарсы авторлық киномен қарулана алмайсыз. Биік өнер, эстеттік кино – ол да керек, бірақ, бұқара үшін «сторителлинг» немесе қарапайым сюжет баяндаушы фильмдер басымдықта болатынын жасыра алмаймыз. Ақан Сатаевтың бұл фильмі – нағыз сол тұрпатты дүние.
Көріп отырғанымыздай, қазақ киносының қазіргі келбеті – бүкіл қазақ қоғамының келбетіндей ию-қию. Мемлекет өзіне ұнайтын киноға ақша бөледі, кейде өзіне ұнамайтын киноға да мүмкіндік береді. Ал, «кино арқылы табыс тапсам, танымал болсам, абырой жинасам» дейтін жеке студиялар, кейде кино еместі кино деп түсіріп, өз бетімен «дамып» жатыр. Жалпы талғамды көтеретін дүниелердің зәрулігі өкінішті. Авторлық фильмдер кинотеатрларға жетпейді, жетпеуіне мұндай сипаттағы киноны көрсеткісі келмейтін билік өкілдері де, көргісі келмейтін көрермен де кінәлі шығар. Бірақ, көрермен көргісі келетін киноны деңгейлі түсіру камера ұстаған ағайынға да серт пе дейміз?!