Биотехнология - белгілі бір технологиялық мәселелерді шешу үшін тірі ағзаларды немесе олардың метаболизмдік өнімдерін пайдалану мүмкіндігін зерттейтін ғылым.
Биотехнологияның көмегімен адамның белгілі бір қажеттіліктері қанағаттандырылады, мысалы: дәрі-дәрмектерді әзірлеу, өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін өзгерту немесе құру, бұл тамақ өнімдерінің сапасын арттырады.
Биотехнология ғылым ретінде ХХ ғасырдың соңында, дәлірек айтсақ 70-жылдардың басында пайда болды. Мұның бәрі генетикалық инженериядан басталды, ғалымдар генетикалық материалды бір ағзадан екіншісіне жыныстық процестерді жүзеге асырмай-ақ өткізе алды. Ол үшін рекомбинантты ДНҚ немесе рДНҚ қолданылды. Бұл әдіс белгілі бір ағзаны өзгерту немесе жақсарту үшін қолданылады.
Батыр (парсы тілінде njBӨM бәһадур — ержүрек, батыл, батыр) — әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін құрметті атақ. Батыр атағы мирасқорлық жолымен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие болады.[1] Батырларды қазақ халқы ежелден құрмет тұтқан.[2]
Көшпелі халықтарда бүкіл өмірі соғыста өтетін, соғыс ісі атадан балаға жалғасқан негізгі кәсібі болған, мемлекет билікті қолына ұстаған қоғамдық топ — әскери ақсүйектер болды. Осы топта соғыс ісінің тәжірибесі жинақталып, әскери өнер дамып, қару-жарақ жасаудың, оны қолданудың биік деңгейі қалыптасты. Батырлар көбіне осы әлеуметтік жіктің өкілдері арасынан шықты. Олардың бар өмірі елдің қонысын кеңейту, халықты жаудан қорғау жолындағы жорықтарда өткен. Ел үшін жанын қиған Батырлардың есімі ел ұранына айналып, халық олардың аруақтарына табынған. Ата-бабаларынан бері қарай Батыр атанып келе жатқан, ауыр жараланса да ұрыс даласын тастамағандар қара Батыр не қара берен Батыр, қауіп-қатерді елемей, ұрысқа жалғыз кіріп ерлік көрсеткен адам жеке Батыр атанған.

Казақтың қайсар да Батыр қызы - Мәншүк Мәметова
Қазақтың қаһармандық эпостарындағы Алпамыс, Ер Тарғын, Қобыланды, Қамбар, т.б. — жауына жалғыз аттанған осындай Батырлар. Талай рет қақпа бұзып, жау қамалына ойран салған ерлерін қазақ “қамал бұзған қас батыр” деп мақтан еткен. Бағзы заманнан қазақтың көптеген Батырлары жеке басының ерлігімен қатар жыраулық қасиетімен де дараланған. Қазтуған, Марғасқа, Жиембет, Шалкиіз секілді от ауызды, орақ тілді ақындар — осындай Батырлар. Қазтуған өзі туралы: “Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, Кіндігімді кескен жұрт, Кір-қоңымды жуған жұрт, Қарағайдан садақ будырып, Қылшанымды сары жүн оққа толтырып, жанға сақтау болған жұрт” десе, Шалкиіз: “Күлікке тастай болып тимесе, Үстіме көбе сайлап кимен-ді, Дулығамның төбесі, Туған айдай болмаса, Батыршылық сүрменді” дейді. Марғасқа жырау — еңсегей бойлы ер Есімнің батырларының бірі болған; қосымша Батырлық.
Бесік- көшпелі ата-бабамыздан қалған мұра.
Бесіктің сәби денсаулығына пайдасы
Бесіктің құрылымы алып жүруге жеңіл, ықшам және берік. Ол баланың таза жатуына көмектеседі, өйткені арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың кіші дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына септігін тигізеді. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қалай қолайлы болса, көшіп-қонып жүргенде, баланың өзінің де денінің сау болып өсуіне де тиімді.
Бесіктің жабдықтары – түбек, шүмек, құс төсек, жастық, жөргек, қолбау, тізебау, тізе жастық, екі тартпасы.
Бесіктің тал бесіктен басқа «аспалы бесік» деп аталатын түрі де болған. Жалпы ата-бабамыз бесікті қасиетті, құтты мүлік деп есептеген. Мұны бабамыз Төле бидің мына бір әңгімесінен байқауға болады: Жоңғарлар шапқыншылығынан тоз-тоз болған ел таулы жаққа қарай босып, көшіп келе жатқанда, екіқабат жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай», — дегенде, Төле би: «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі ғой», — деген екен.
Бесікке бөлеу
Бесік туралы айтқанда, баланы бесікке салу ырымы жайлы айтып кетуіміз керек. Өйткені ата-бабамызда қалған қайсыбір дәстүрді алып қарасаң да, белгілі бір маңызы әрі пайдасы бар. Бесікке салу рәсіміне ауыл-үйдің әйелдері шақырылады, олар өздерінің шашуға деген заттарын ала келеді. Ал бесікке салу жолы ауылдағы ұлын ұяға, қызын қияға қондырған, өнегелі әжелерге, әйелдерге тапсырылады. Бір-екі келіншек бесікті жақсылап жабдықтаған соң, алдымен, бесікті отпен аластап алады, сосын «тыштырма» жасайды (бесіктің түбек салынатын тесігінен балаларға тәтті үлестіріп беру осылай аталады). Бұдан соң нәрестені айнала отырып, бесікке бөлеп, оның үстіне, баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.