М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
timondrob
timondrob
25.10.2020 06:12 •  Қазақ тiлi

Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын бокса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.

1. Мәтінге ат қойыңыздар. [1]

2. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз. [2]

Тұжырымды сөйлемдер Шын/Жалған +,-
1 Аталған элемент біздің планетамызда өте аз кездеседі.
А
2 Қытай ғалымдары Айдан Гелий-3 элементін тапқандығын айтып, дүние жүзіне жар салған.
В

3 Гелий-3 мұнайдан әлдеқайда арзан және Жер үшін өте пайдалы. С

3. Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
Жария ету - [1]

4. Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
Қымбат - [1]

5.Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза). [1]
40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ-ты бір жыл энергиямен қамтамасыз етеді.
АҚШ

6. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.
Гелий-3 элементінің артықшылығы неде?
[1]

ІІ. Жазылым [8]
Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз. Болжалдық және бөлшектік сан есімдерді дұрыс қолданыңыз.
Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.

1 2

1. Сауда жасай білесіз бе? тақырыбында ауызекі стилінде диалог қүрастырып жазу /8-8/

2. «Дағдарыс және оның әсері» тақырыбына ғылыми стильде мақала жазу /7-8 сөйлем/

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Lisica99
Lisica99
25.10.2020

Ұлы Отан соғысы. Қазақ жауынгерлері.

1941 – 1945 жылдары орын алған Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыс болып тарихқа енді. Биыл бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына жетпіс алты жыл болды. Дегенмен, бұл соғыстың ешқашан ұмытылмайтыны анық. Себебі жеңіс оңай келген жоқ.

Қазақ халқы өте ержүрек, намысты қолдан бермейтін халық деп айтсам, қателеспеспін деп ойлаймын. Небір қиын – қыстау жаугерлік заманында елін, жерін, туғанын жаудан қорғаған ардақты азаматтарымыз, батырларымыз аз емес. Олардың есімдері Қазақ елінің тарихына алтын әріппен жазылып, өскелең ұрпақ үшін мақтан тұтып, үлгі алатындай. Сол ретте мен өзім аса құрметтейтін «Шығыстың қос шынары» атанып кеткен Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова жайлы ой қозғағым келеді. Ол сұрапыл соғыстың суық желі ешқашан ұмытылмасы анық. Қаншама жастың өмірін қыршыннан жалмаған бұл соғыс ешкімді де бейжай қалдырмады. Бұл соғыста батыр әпкелеріміз Әлия мен Мәншүк те ерлермен қатар ерлік көрсетіп, Отанын қасық қандары қалғанша қорғауға тырысты.

Әлия Молдағұлова 1925 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып, кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Мәншүк Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922жылы Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-нші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.

Біз қазір "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда" өмір сүріп жатырмыз. Осының бәрі - қасық қаны қалғанша соғысқан азаматтарымыздың арқасы. Біздің әрқашан оларға алғысымыз шексіз!

Объяснение:

4,4(16 оценок)
Ответ:
moda712
moda712
25.10.2020

ответ:Зытып келем, зытып келем. Арты- ма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным - қашып келемін, артыма қарай беретінім - қорқып келемін... Мен қазір ондамын. ... келем, қарай,зытам,жатқаным,қашып,қарай, қорқып,білмейсің,мазақтай,болдың, Объяснение: тек аздабын таптм,сабак басталп кетти. ... ЖАЗЫЛЫМТірек сөздерді және сөз тіркестерін пайдаланып 8 сөйлем құрап жаз.Тірек сөздер: Ұлы Отан соғысы, 9-мамыр –Жеңіс күні, «Кеңес Одағының Батыры» а … тағыналды, ерлікпен шайқасты, Отанын қорғады, нағыз патриот. Талас ұйым-2-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (61-аудио)

Объяснение:

келем, қарай,зытам,жатқаным,қашып,қарай, қорқып,білмейсің,мазақтай,болдың

4,8(4 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ