М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
glebsamokrytov777
glebsamokrytov777
25.06.2021 22:50 •  Қазақ тiлi

Синоним к баяғыда в этом тексте


Синоним к баяғыда в этом тексте

👇
Ответ:
bceznaika2
bceznaika2
25.06.2021

баяғыда синоним..бұрын..өткенде..ертеректе

4,7(56 оценок)
Ответ:
hermandad
hermandad
25.06.2021

баягыда

Объяснение:

4,7(77 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ksussshhhaaa
ksussshhhaaa
25.06.2021

Ұнағанын ал

Ғалымдар арасында климаттың өзгеру барысы туралы ортақ пікірлер жоқтығына қарамастан, сарапшылардың жалпы пікірі климаттық өзгерістің салдары жағымсыз болуы мүмкін дегенге келіп саяды. Мысалы, 1980 жылдан 2011 жылға дейін Еуроодақ елдерінің экономикасына тигізген тасқынның жалпы шығынын саралаған сарапшылар келген зиян­ды 90 миллиард еуроға тең деп бағамдады.

Осыған байланысты әлемдік ғылымда зерттеудің басым ба­ғытын қоршаған орта климатына бейімдеуге назар аудару­ болып отыр. Ең бастысы, бұл басқа салаларға қарағанда, та­би­ғи-климаттық жағдайларға және азық-түлік қауіпсіздігін қам­тамасыз етуші ауыл шаруашы­лығына тікелей байланысты.

Климаттық өзгеру

Халықаралық зерттеулер көрсеткіші бойынша, әлемнің кейбір аймақтары, сонымен қоса Орталық Азия, басқаларға қарағанда, климаттық өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Оның ішінде, Қазақстанның климатына әсер етіп, онсыз да толыққанды қолдауды қажет етіп отырған ауыл шаруашылығын күнкөріске айналдырған аймақтарға үлкен зиян келтіруі әбден мүмкін. Бұл аймақтардағы өнімнің босқа ысырап болуының 70 пайызы тікелей ауа райымен байланысты Ал, кейбір аймақтарда жағымсыз ауа райы салдарынан алынған өнімнің 50-70%-ға дейіні қолдануға жарамсыз болып қалып отыр.

4,7(91 оценок)
Ответ:
natasha20170605
natasha20170605
25.06.2021
Ұлы абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.бұл күнде абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына қ пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».(ж.ысмағұлов.)  өнер-білім жолындағы ізденісін абай өз бетімен үйрену арқылы ,орысша кітаптарды көп оқиды.80-жылдардың орта кезінен бастап,абай ақындық жолға біржола бет бұрды.бұл кездегі оның өлеңдерінің қай-қайсысы болсын-толысқан ой-сананың жемісі.бұған дейін арагідік жазған өлеңін өз замандасы көкпай атынан таратып жүрген абай 1886 жылдан бастап өз атына көшірген.осы жылдардан бастап абай өлеңді үзбей жазуға тырысқан.бірақ ел арасындағы шиленіскен тартыстар оның әдебиетпен бірыңғай шұғылдануына мүмкіндік бере бермеген.  «дүние де өзі,мал да өзі».абайдың ақындық жолға бет бұрғандығы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады.оның 1885 жылы жазған «жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар,ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады.абай мұнда,ең алдымен,жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді.ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді.өз қателігін оқытумен түзеуге бет алғанын айтады.сонымен қатар ол «қызмет қылсын,шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп,сынайды.жасымжа ғылым бар деп ескермедім,пайдасын көре тұра тексермедім.ер жеткен соң түспеді уысыма,қолымды мезгілінен кеш сермедім. медресеге біл деп бердім,қызмет қылсын,шен алсын деп бермедім.бұл-өткенге құр өкіну емес,келешекте жастардың өзі тәрізді опық жеп қалмай,білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. шығарма абай ақындығының халықтық,ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді.кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.1886 жылы абай «ғылым таппай мақтанба», «интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды.мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған.бүкіл өлең бойына абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы-ғалым болуы керектігін түсіндіреді.ғылым таппай мақтанба! орын таппай баптанба! құмарланып шаттанба! ойнап босқа күлуге,-дейді ол.сөйтіп,ғылымға берілудің,ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.ғылым жолы-әділдік жолы.оны ұстаған ескі жолмен жүре алмайды.
4,8(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ