Спорт тұрмыста етене болып сіңісіп, барша халықтың күнделікті рухани қажетіне айналып кетті. Әрбір азамат сымбатты, сындарлы да сұлу, денсаулықтары мықты болуға тиіс. А үшін ең қымбат және бағасыз байлық бұл денсаулығы. Халқымыз да айтылған мына мақалаға жүгінсек, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөздің осы бүгінгі заманда спорттың денсаулыққа деген маңызы зор. Міне, сондай адамдарды тәрбиелеу денешынықтыру пәні мұғалімдеріне міндетті. Дені сау бала оқу процесіне белсене араласады. Сондықтан да әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, білімге деген құштарлығын арттыру және әр баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, тұлға бойындағы табиғи қасиеттерін дамыту мектептің міндеті болып отыр.