Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте демекші, тіл үйрену ешуақытта артықтық етпейді. Қазақ атамның осы сөзінің жаны бар секілді. Дәл қазір 6 сынып оқушысы болсам да, болашақта көп тілді меңгергім келеді. Көп адамнан «Сізге бірнеше тіл білу қажет пе?» деп сұрасаңыз, «жоқ» деп жалтарады. Қазіргі таңда шет тілін меңгермесеңіз де, қазақ тілді ресурстардың жеткілікті екенін айтады. Өкінішке орай, мұндай адамдар біз өмір сүріп отырған қоғамда бар. Меніңше, тілдің пайдасы туралы оны білмейтін емес, білетін адамнан сұрауымыз керек. Себебі қуырдақтың нағыз тіл үйірер дәмін оны татып көрген адам ғана бағалай алады.
Мен ағылшын тілін белгілі бір дәрежеде білемін. Шетелдік азаматтармен еркін тілдесіп, түсінісуге қауқарым жетеді. Дәл қазір екінші тілді меңгеріп жатырмын. Француз тілінде - махаббат, неміс тілінде - қызмет, италия тілінде - құштарлық, ағылшын тілінде - бизнес, орыс тілінде кез келген тақырыпта әңгіме айта аламыз. Мен бұл тұста нақты айтсам да, шынайы мағынасын өздеріңіз де түсініп отырған шығарсыздар. Кітап бір тілден екінші тілге аударылған кезде, көп өзгеріске ұшырайды.Соның салдарынан көп адам оның құнарын байқамайды.
Өзге тілді меңгеру арқылы сіз басқа әлемге енесіз. Оған басқаша көзқараспен қарайсыз. Әлемді басқа қырынан танудың қандай пайдасы бар? Біз өзгелердің мәдениетіндегі дүниені өзімізге сіңістіре аламыз емес пе?
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда
ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». (Н. Ә. Назарбаев)
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады.
Тарих өткенді саралап, келер уақытқа өнеге қалдырады. Қазақстанда конституциялық құндылықтардың дамуының өзiндiк тарихи жолы бар.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап ұлтымыз жан - жағынан қаумалаған жаулардан қорғана отырып, дербес, қуатты да тұрақты мемлекет болуға тырысты. Алтайдан бастап Арқа асқан, Жайыққа жеткен ұлан - ғайыр жерiмiз сол күрестiң нәтижесi. «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» қағидасымен дамуды көздеген бабаларымыз «Тәртiпке бағынған құл болмайды, тәртiпсiз ел болмайды» деген дала заңымен, салт - дәстүрiмен өмiр сүрді«Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғысы» сынды дала заңдары осыны меңзейдi.