Кең көлемдегі географиялық жиынтық атау. Бұған Қазақ жері мен Орта Азия және Сібірдегі тау жоталары жатады. Бұлар – Іле Алатауы, Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы дегендей тау жоталары. Бұлар биік, шыңды-құзды, жоғарғы жағы қалың мұздықтар мен қарлы шыңдар болып келеді. К арлардан таулар үнемі алақанаттанып жатады. Соған байланысты, яғни тау көрінісіне қарай – Алатау аталған. Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға Біздің Алатау, негізінен, Алматы облысының, яғни Жетісудың жерінде. Табиғаты әсем, жаратқанның жарылқап бере салған бір құт мекені. Қойны-қонышы толған ел, шипалы су, таза ауа, берекесі бойында тұрған құнарлы жер. «Қазық қақсаң – терек болып шығатын» бау-бақшалы жердің нақ өзі. Жер жәннаты – Жетісуға
Ақырзаман деген тура осындай болар, – дейді Юсуп Камалов, алдымызда ұзыннан-ұзақ созылып жатқан, тал-шілік басқан шөл даланы қолымен нұсқай отырып. – Ерте ме, кеш пе, ақырзаман бола қалса, тек қарақалпақстандықтар ғана одан аман қаламыз, өйткені біз қазірдің өзінде-ақ ақырзаманды бастан кешіріп отырмыз.
Төбе-төбе болып жатқан ұлу қабыршақтары мен құмда қайраңдап қалған, тозығы жеткен қайықтар болмаса, Өзбекстанның солтүстігіндегі өзіміз тұрған құмдақ жартастың үстінен қарағандағы көрініс нағыз бір шөл далаға тап болғандай әсер қалдырады. Бұл ара кезінде Арал теңізіне сұғына орналасқан түбектің шеті еді. Ол 1960 жылы ауданы жағынан әлемде төртінші орынды иеленсе, оның аумағы шамамен 67 000 шаршы шақырымды құрайтын. Бұл дегеніміз, Батыс Вирджиния штатының аумағынан да үлкен деген сөз. Ал арт жағымызда Мойнақ қаласы жатыр. Ол бір кездері балық консервілеу зауыты бар, қанатын кеңге жая дамыған орын еді. Тіпті, бертінде, 1980 жылдардың өзінде ол жыл сайын мыңдаған тонна балық өндіретін. Елу жыл бұрын Арал теңізінің оңтүстік жағалауы тура біздің табанымыздың астында жатты. Ал қазір ол солтүстік-батысқа қарай 90 шақырымға дейін тартылып кеткен.