Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаз.
Қазақ өнерінде музыкалық аспаптармен өнер көрсетіп жүрген өнерпаздар аз емес. Бірақ солардың ішінде өнерімен, қазақи тәрбиесімен, әдемі даусымен көрерменнің ықыласына бөленіп, тыңдаушының жүрегіне жол таба білген ақ жарқын бірегей әнші Қарақат Әбілдина ерекшеленеді.
Әбілдина Қарақат - қазақ дәстүрлі әнін насихаттаушы, халық және эстрада әндерін орындаушы. Нартай Бекежанов мұрасын насихаттаушы және орындаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қарақат Әбілдина он саусағынан да бал тамған, бес аспап өнерпаз деуге де болады. Себебі ол домбырада шебер ойнаумен қатар, жетіген аспабын да бес саусақтай меңгерген, дәстүрлі әндермен қатар эстрадалық әндерді нақышына келтіріп орындайды.
Біздің отбасымызда , басқа отбасылар сияқты , жылдан жылға жалғасып келе жатқан салт-дəстүріміз бар.Олардың бірі - Жаңа жылды қарсы алу.Міндетті түрде, əдемі жайылған дастарханмен жəне безендірілген шыршамен.Шыршаны безендіру де салт-дəстүр болып табылады.Біз оны басымыз түгел болғанда , əрбір отбасы мүшесі ой қоса отырып безендіреміз.Тағы да салт дəстүрге туған күнді жатқызуға болады,оны да біз отбасы арасында атап өтеміз.Сүйікті салт-дəстүріміз күзде саңырауқұлақ жинап оны тұздау.Кім көп жинады деп кейде жарысамыз.Бəріміз бірге жинап тазалаймыз!Əр отбасыда өз салт-дəстүрі болғаны жақсы.Біз жақсы көруді,сыйлауды,сенуді,жақын адамдарыңмен өткен əрбір минутты бағалауды,бір-бірімізге көмектесуді үйренеміз.Ал бұл болса өмірдегі ең басты нəрсе!Қаншалықты салт-дəстүрді берік ұстансақ,соншалықты отбасымыз бен отанымыз да тату болады!