М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
MaiorPeZDoBi4
MaiorPeZDoBi4
28.04.2023 03:05 •  Қазақ тiлi

Тапсырма Мәтіндерді өзара салыстырыңыз. Екі мәтіннің тілдік қолданыстарынан қандай ерекшеліктерді
байқадыңыз? Мәтіндердің ойына қатысты пікіріңізді білдіріңіз.
ON
1-мәтін
Отбасы – Отанымыздың ошағы
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-
әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы бакыту.
үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ
қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, кыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда
оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы
мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін
туғызған. Қазақ отбасындагы арнайы жазылып бекітілмеген заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен
қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін
мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара
қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер
жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халкы басқаларды қойып, өз
ішінде тұйық халық Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің кұпия болғанын қалайды. Бір
сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, ни берік қамалмен тең. Баска
халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын
халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек
көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.
2-мәтін
Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ
қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек
десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді
босатыңдар», - дейді Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай
адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мiнiңдер, киімімді киіңдер,
мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұльма құда түстім. Соған 40
құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң
босағамда тытулы алтынымды, сол босагамдагы күмiсiмдi қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті
бидің аулына жібереді.
Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл
былай дейді: «Жоқ, би атам 40 карақшының қолына түскен екен. 40 кунан атан дегені - 40 мықты
жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күшісі –
баласы және келіні – мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің
ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіп, 20
палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады.
Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің
ақылдылығы мен тапқырлыгы елге жайылыпты.
1-мәтін
2-мәтін
Тақырыптары
Қандай стильде жазылған?
Мәтіндерден мысал келтіріңіз
Мәтінде көтерілген мәселеге пікіріңіз
Жазылым
Отбасыңыздың бір мүшесінің болмысын сипаттап, мінездеме құрастырып жазыңыз. Жазылым
жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, тақырып бойынша жеке,
бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.
[6]​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
neznakomka1408
neznakomka1408
28.04.2023

Мұғалім туралы.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға...» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, ұстаз болу – аса үлкен жауапкершілік пен мамандыққа деген сүйіспеншілікті талап ететін игі ас. Ұстаздық – ең қиын мамандықтардың бірі, себебі еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті саналады.  

Ұстаз – біздің қолымызға қалап ұстатып, әріп танытып, білім нәрімен сусындататын екінші анамыз. Болашақ ел басқаратын тұлғаларды, ақ халатты абзал жандарды, ғалымды, кегшілерді, кез келген мамандық иесін ұстаздар тәрбиелейді. Шәкірттерінің бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік рухта бағыт - бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына алып, оқушыларды үлкен өмірге даярлайтын, оқушыларының әрбір жетістіктеріне бірге қуанып, алға жетелейтін де ұлағатты ұстаздар.

Ұстаз – мектептің басты тұлғасы, жүрегі десек те болады.  

Жаһандану заманында ұлт¬¬тық бәсекеге барынша қабілетті болудың көр-сет¬кіші – білім деңгейімен өлше¬нетіндіктен, Елбасымыз мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Сондықтан да егемен еліміздің ертеңін ойлайтын білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздарымыздың еңбектері жемісті болса екен деймін.  

4,7(13 оценок)
Ответ:
dashani7562
dashani7562
28.04.2023
Менің жаксы досым бар. Оның аты . Сенбі куні мектептен кейін біз бірге кыдырамыз. Жексенбі куні мен үй жұмысын бітіріп онымен саябакка, кинога немесе жай далада кыдырамыз. Ол өте сенімді дос. Қандай да қиын жағдайда досым маған көмегін береді,Ол өте ақылды,салмақты,Ол орташа  бойлы,шашының түсі коңыр,көзі қара
У меня есть лучший друг Его зовутКаждую субботу  после уроков мы вместе гуляем,А в воскресенье после выполнения дом,заданий мы гуляем по парку ,ходим в кино,или просто ходим по улице,_Сергей__он__ самый верный друг,В трудную минуту он мне всегда Он умный и серьезный парень Он среднего роста у него каштановые волосы,а глаза карие или черные
4,6(32 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ