М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
m18303
m18303
02.04.2023 04:29 •  Қазақ тiлi

Эссе Берік отбасы 80-100 сөз​

👇
Ответ:
maratis2007
maratis2007
02.04.2023

Отбасы- ол біздің Отан Бабамыз. Отбасыларды құрметтеу керек. Алтын Отбасымда Анам, Әкем, Ағам, Әпкем, Әжем, Атам және мен. Менің отбасым мейрімді, көңілді және отбасы болмаса мен оларсыз өмір сүре алмайтын едім. Отбасы-әрбір адам үшін ең сенімді орта, тірегі мықты қорған. Осы орайда Облыстың барлық аудандарында «Бастау» деп аталатын арнайы топ жүйелі жұмыс жасауда. Ондағы мақсат: балаларды ата-анасыз қалдырмай, ажырасудың алдын алу. Отбасы- адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы- ата- ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата- ананың орны бөлек. Бала әкеден -ақыл, анадан- мейірім алады. Әке- отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ата- анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала- адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата- ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі- ата- бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.

Біздің тәрбие сағатымыздың мақсаты шағын мемлекетіміз «жанұяны» мықты мемлекетке айналдыру. Ол үшін мықты мемлекет – жанұямызға берік босаға, кең кереге, үлкен терезе, мықты шаңырақ керек.

Біздің ойынымызға ата – аналар мен балалар қатысады. Кірпіштерге жазылған сөздермен біздер өзіміздің Үйімізді қалайық. Біздер балалар барлығымызда өз өміріміздің құрлысшысымыз.

Объяснение:

( ´◡‿ゝ◡`)

4,4(11 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
abduqodir1794
abduqodir1794
02.04.2023

Жомарт адам

Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді:

— Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

Жомарт айтты дейді:

— Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиіреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын.

Екіншісі: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, кейінгілер ғибрат алсын деймін.

Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен.

Төртіншісі: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, – деді.

Объяснение:

4,7(5 оценок)
Ответ:

Көшпелі мал шаруашылығының пайда болу факторлары:

1. Климаттың өзгеруіне байланысты көшпенділер егіншілікпен вйналыса алмады.

2. Мал басының көбейуі. Мал басы тез көбейгеннен кейін олар ауысымнан-ауысымға көшіп отыруға мәжбүр болды. Себебі, мал бір жердегі шөпті,суды тез бітірді. Олар тебіп жайылу арқылы жайылды. Иебіп жайылу дегеніміз қар астынан мал тұяқтарымен жеуге болатын шөптерді,тамырларды қазып жеуі. Оған тек жылқы,ешкі,қой жатады.

3. Жылқы малының мініс көлігі ретінде пайдалануы және ат әбзелдерінің жетілдіруі. Жылқы ыстыққа да,суыққа да төзімді жануар. Сол себепті оны бағалы санады.

Көшпенділіктің тиімді жақтары.

1. Егер бір жерде шөп немесе су бітіп қалса басқа жерге көшуге болады.

2. Мал үнемі тоқ жүреді. Себебі, адамдар мезгіл сайын оты көп ауысымға көшіп отырса, мал аштықтан қырылмайды.

ПОСТАВЬТЕ ЛАЙК,ОЦЕНИТЕ НА 5ЗВЕЗД, И ВРУБИТЕ ЛУЧШИЙ
4,7(74 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ