Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық , аңызақ , үсік , көктайғақ,бұршақ,тұман, шаңды дауылдарды жатқызуға болады
Алдымен Байлық сөз алып:
– Менің арқамда ғана а ң төрт түлігі сай, үйі дүние-мүлікке бай, ішіп-жемі мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ, – деп кеудесін қағады.
Сонда Бақыт былай дейді: – Мен бақпын, кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын шығарамын, мансабын аспанға көтеремін, «ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс» дөкей етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін.
– О, достарым, мен сендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит жейдені сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен – Ақылмын. Сондықтан бекер даурығып, менменсініп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де а қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. А менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын, – дейді Ақыл сабырлы түрде. Сөйтіп, үшеуі Данышпанға келеді.
Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан: – Өмірдің өзі сабақ: «Байлық – бір жұттық». «Бақыт баянсыз», Ақыл бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, тірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін ойдағыдай басқаруға, атқаруға, тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүйеніші, тіреуі, тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды болып еңбек ете білген а байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір сүре алады, – деген екен.