Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
Еліміздің жыл басында күтер ең маңызды жаңалығы – Елбасының халыққа Жолдауы. Себебі, кез келген ел болашағының жарқын болуын армандайды, атар таңға сеніммен, үлкен үмітпен қарайды. Қазіргі уақытта әлемде түрлі техногендік апаттар, катаклизмалар орын алып жатқанда халықтың жарқын болашақты, бейбіт өмірді аңсауы заңды құбылыс. Міне, осындай кезеңде ел басқарған басшының аузынан шыққан әрбір сөзін жіті қадағалап, сараптан өткізіп отыру дағдылы әдетке айналып кеткендей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп аталатын биылғы Жолдауы көңілдегі күмәнді сейілткендей, жүрекке берік сенім ұялатқандай әсер етті. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты «Біз мемлекеттік қызметте, басқару жүйесінде ана тілімізге өтуіміз керек», деген Елбасының сөзін ел тізгінін ұстап отырғандар шын мәнінде орындаса, біздің қоғам армандап жүрген күн елес болмай, шындыққа айналар еді. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатының бірі «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» деп аталуы тегін емес. Мемлекеттік тілді дамытып, оның коммуникативтік қызметі нығаюда. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қызметінің барлық саласына қолдану үшін ең алдымен мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру қажет. Ол үшін балабақша-мектеп-орта арнаулы оқу орны-жоғары оқу орны-жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру-білім жетілдіру орындарындағы мемлекеттік тілдің оқытылуын жүйелеп түзіп алу керек, олардың өзара сабақтастығын сақтау керек. Яғни, мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту кезек күттірмейтін мәселе. Сонан кейін мемлекеттік тілді оқыту үрдісін жандандыру, мемлекеттік тілді оқытатын үздік оқытушылардың тәжірибелерін тарату, оларға арнайы тіл порталдарын ашу, т.б. жұмыстар үздіксіз жүргізіліп отырса, жауыр болған тіл мәселесі бір арнаға түсер еді деп ойлаймыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында білім саласына арнайы тоқталды. «Әлем мемлекеттерінің рейтингісі бойынша 110 елдің арасында 50-ші орынға ие болдық. Сөйтіп, еліміз білім беру саласы бойынша 129 елдің арасында қуатты көшбастаушы елге айналды», деп ерекше атап өтті.
Объяснение: в интернете нашла , сори если не