М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

2. Абайдың балалық шағы туралы не білесіңдер​

👇
Ответ:
varksen
varksen
13.10.2022

Объяснение:

Абай жас шағынан-ақ сөз тындап, сөзге үйір боп өсе бастайды. Осындай қожа, молдалар, билер, ақындар кетпеген ортада тәрбие алады. Абайды ақындыққа ыңғайланған жағдайдың бірі осы сияқгы. Он жастан он екі жасқа дейін ауылда мұсылманша оқып, сауатын ашып қана қоймай білімін кеңіте береді. Он үш жасқа шығарда Семейде молда Ризәнің медресесіңде оқиды. Медреседе оқып жүріп Приходский школінен орысша оқып, 14 жасыңда сабақтан шығады. 15 жасында балалықты былай қойып, үлкендер катарында жұмыс атқаруға кіріседі. Өз тұсында ақылды, саналы, зерделі, шешен, көсем жігіт болып ел билігіне араласады. 20 жасында Абай халық ортасында маңдай адды шешен болады. Орақ ауызды, от тілді кісі атанады.

Абай жасынан-ак, қазақтың бұрынғы салтын, қалпын, әдет-ғұрпын, дәстүрін, ескі сөздерін, ескі билердің ережелі тақпақтарын, тапқыр, пішін сөздерін, биліктерін көп зерттеп, үйреніп, тексереді, көп оқиды. Ескі мақал-мәтел, қазақтың өзінің бұрынғы өткен билерінің нақыл мысал өрнек етіп айтқан сөздерін көп зертгеп жаттайды. Бұрынғының барлық шебер сөздерімен Абай өте жақсы таныс болып, өзі де сондай сөздерге өмір бойы машықтанады.

4,6(99 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
MorEnSo
MorEnSo
13.10.2022

Сол сұрапыл сұм соғысқа менің атам Сәрсенов Жеңсікбай Аманұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Сәрсенов Жеңсікбай 1926 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат бекетінде дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 2 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, жаттығудан өткен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым. Екі айдан соң 95 – ші полкке жіберді, оған екі жүзге жуық бала болып бардық, бәрі де өте жас болатын. Москвадан кетіп Воронеж деген қалаға жақындағанда немістің алты самолеті составты атқылап көп адамымыз шығынға ұшырады. Қалған жүзге жуық жаралысы бар, сауы бар жауынгерді қалың тоғай арасымен жаяулатып екі күн дегенде 127 - ші полкке әкеп қосты. Үш күн өткеннен кейін мені командиріміз дивизияға жіберді. Онда мен пулеметчик қылды. Соғыс зардабы кім - кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатты...» Атам жанарын бір нүктеге қадағандай қатты да қалды. Бейне бір майданды кино лентасынан көріп тұрғандай... көз алдына елестеп те кеткен болар.

Атам 1950 жылы елге аман - сау оралып, үй іші қуанышқа кенеліпті. Ауылға келген соң қызу еңбектің ортасы теміржолда еңбек етіп жұмыс жасапты. 1952 жылы Жеңсікбай атам Шүкен әжеммен бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі атаныпты. Үш ер бала мен екі қыз бала тәрбиелеп, оларды оқытып, елге сыйлы азаматтар болуына үлесін қосыпты. Кейінгі жылдарда Қарашоқат бекетінің кезекшісі қызметін атқарып, 1979 жылы жол жөндеуші болып жұмыс жасапты. Кәсібінен нәсібін теріп еңбегімен еленген атам осы қызметінен зейнеткерлікке 1985 жылы шығыпты. Ауылдағы үлкен жанұяға айналған отбасыдан балалары тарап, тамыры терең жайылыпты. Әр баласы бөлек - бөлек шаңырақ көтеріпті. 21 немересі, 13 шөбересі бар бүгінде. Жыл сайын көктеммен бірге келетін Жеңіс тойына омырау толы медалін тағынып жиындарға қатысып жас жеткіншектерге өз батасын беруші еді. Шіркін, өмірдің зулап, зымырап өтуін қарашы. Ол кез оралмасқа кетті.

Ақыл - кеңестің таусылмас қазынасындай боп үйдің төрінде отыратын тау тұлғалы атам 84 жасқа жеткен кезінде, 2010 жылы бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды. Бұл қаза менің жаныма қатты батты. Амал не, әр күн сайын атамды еске алып сағынышымды басамын.

Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық а ң арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!

Объяснение:

Атам деген жерді көршім немесе жақыным деп алсаң болады

4,7(20 оценок)
Ответ:
LastGirlOnEarth
LastGirlOnEarth
13.10.2022
Ең жарқын және әдемі мереке күтіп бүтін 12 ай - Жаңа жыл. Оған бастайды дайындалу үшін бірнеше апта: жинайды шыршаны наряжают, оны безендіреді үй гирляндалармен және мишурой, мереке декорациями.

31 желтоқсан күні бойы дайындап жатырмыз ең дәмді тағамдар, убираемся, асыға күтеміз. Үшін жаңа жылдық демалыстар біз барлық біздің туыстары мен достары, жүреміз оларға қонаққа сыйлықтар береміз.
Бәрінен де бұл мерекені асыға күтеді және жақсы көреді балалар, олар сенеді ғажайып күтіп, аяз ата, армандардың орындалуын тілеймін. Олар алдын ала жазылып, хатқа өздерінің сыйға тартылды тырысады жақсы өздерін, арманым дәл орындалды, қатысуын, Аяз ата берді атындағы сыйлық.

Жаңа жыл түнінде ешкім ұйықтап жатыр, барлығы мәз, көңіл көтеруде, бір-біріне сыйлықтар сыйлайды. Бұл ең шумная түні жылы. Барлық күтеді президенті, жекпе-жек куранттардың және отшашу. Құттықтап бірін-бірі, ақынның қаланың орталық алаңына тұрған үлкен әдемі шырша және сөйлеу. Онда міндетті түрде кездеседі, таныс, байланады жылы және достық әңгіме, балалар төбешіктен сырғанап жатқанын, қармен ойнайды, мәз болып өтті.
Жаңа жыл – ең отбасылық, тату және жылы мереке болғанына қарамастан, ол орындай суық қыста.
4,8(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ