"Аққудың айырылуы"
«Аққудың айырылуы» поэмасы шын мәнінде кімнің болса да көркемдік талғамына жауап беретіндей деңгейде дүниеге келді. «Аққудың айырылуын» лирикалық поэма дейміз, себебі мұнда бір мезеттік сәт қана суреттеледі.
Сәкен ақынның бұл поэмасы - қазақ сөз өнеріндегі өзіндік көркемдік ерекшелігі бар поэмалардың бірі. Мәңгілік махаббатты жырлайтын поэма табиғаттағы сұлулықты, табиғаттың төл перезенттері болған аққуларды қорғау, адалдықты жырлау, жауыздыққа қарсы тұруды ту еткен. Аққу - киелі құс. Аққу құс - сұлулықтың, тазалықтың куәсі. Аққу құс - шын ғашықтықтың, адал махаббаттың белгісі. Поэмада аққудың махаббаты арқылы адал махаббат мен пәк сезім жырланады. Табиғаттың сұлулығымен қауышқан қос ғашықтың көңілді, алаңсыз, бақытты күндері ұзаққа бармайды. Оны «Сұр мерген» аңшы келіп атып алады. Поэмада жауыздықтың символы ретінде аңшының қатігездігі суреттелсе, сол жауыздыққа шендестіріле аққудың махаббатқа адалдығы суреттеледі.
Поэмадағы басты идея: Табиғатты қорғау керек; cұлулықты бағалай білу керек; өмірде қатыгездіктің болуы; аққу құс мәңгілік махаббат иесі; екі аққудың аянышты тағдыры.
Поэмадағы оқиға автордың өмірден шаршап, таза табиғат, мөлдір көл жағасына келіп демалып, көркем көрініске тамсана қарап, демалып жатуынан басталады. Сосын қос аққудың кездесуі мен олардың бақытты өмірі жайлы жырланады. Ғашық жұптың махаббат биі де ақын қаламынан тыс қалмайды. Осындай бақытты сәтте сұрмерген жұп аққудың бірін атады. Жұбынан айырылған аққу шарқ ұрып мергенге "мені де ат" дегендей сыңай білдіреді. Сосын мергеннің алдына, жерге өзін ұрып мерт болған аққу осы әрекеті арқылы оқырманға адал махаббаттың күшін, сезімнің күшін білдіргісі келеді. Жалпы, бұл туынды - Сәкен ақынның ақындық қарымын танытқан поэма, қазақ өлеңіндегі көркемдік деңгейі жоғары, кісіге рухани ләззат бағыштай алатын шоқтықты шығарма.
Дәрігер өте құрметті адам, ол денсаулық сақшысы. Дәрігер еңбегін бағалай білейік. Ерінбей еңбек етсең, оның рахатын көресің. Нашақорлық адамды адамгершіліктен айырады, адам одан аулақ болу керек. Су тіршілік көзі, сусыз өмір жоқ. Спорт денсаулық кепілі. Ас адамның арқауы, адам дұрыс және уақтымен тамақтанып жүру керек. Тек пайдалы тағамдарды таңдай біл. Тамақ дайын болды, дастарханға тағамдар қойылды. Уақыт аз қалды, жұмысты тезірек аяқтайық. Лас аяқ киімдерді сыртта қалдырыңдар. Олар ықшам ғана салынған үйде тұрады. Қоршаған орта таза болсын, оған бәріміз ат салысайық.
Объяснение:
48 d4hcfj
Объяснение: