Жастар болашақ мамандығын дұрыс таңдай біле ме? Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына да байланысты екені анық. Сол себепті мамандық таңдау оңай емес. Шыны керек, кейбір жастарымыз жақсы маман иесі болсам деп ойлай бермейді. Әйтеуір, бір мамандықты таңдай салып, диплом алып шықсам болды дейді. Сонда саны көп, сапасы жоқ дипломнан не пайда? «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіс, оқу, білім алу, ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.
Мамандықтың жаманы жоқ,тек өз мамандығынды ұнатсаң болды.Шын ниеттеніп,жақсы жұмыс жасасан болғаны.Шынайы еңбек,жүректің қалауымен таңдалған мамандық адамды жеңіске жеткізбей қоймайды.
Абиогенез (гр. 'a' — болымсыздық, жоққа шығару, bіos — тіршілік, genesіs — пайда болуы), жансыздан өрбу — тірі табиғатта ферменттердің қатысуынсыз организмнен тыс пайда болатын органикалық қосылыстар; кең мағынасында — эволюциялық даму барысында тіршіліктің яғни тірі организмнің органикалық емес заттардан пайда болуы жөніндегі теория; организмнен тыс, тірі табиғатта ағзадан тыс, ферменттердің қатысуынсыз таралған органикалық қоспалардың қалыптасу
Биогенез (био... және грек. genesіs — шығу тегі, пайда болуы) — органикалық қосылыстардың бәрі тек тірі организмнен ғана пайда болады, соған байланысты тірі организмдердің өлі материядан пайда болғанын теріс деп санайтын теория. Биогенез теориясын жақтаушылардың бірқатары өсімдіктің тозаңы, споралары, тіпті ұсақ организмдер де жер бетіне ғарыштан келген (панспермия теориясы) деп есептейді.