Менің арманым.. . .
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.
Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.
Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.
Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!
Табиғат ресурстары — табиғат элементтері, барлық табиғи шарттар жиынтығының бір бөлігі және қоғам мен қоғамдық өндірістің әртүрлі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өндірістік күштердің берілген даму деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ортаның маңызды құрамдас бөлшектері. Табиғи ресурстар оның үдерісі кезінде пайдалануға және кейіннен қайта өңдеуге ұшырайтын табиғатты пайдалану нысаны болып табылады. Табиғат ресурстарының басты түрлері — Күннің қуаты, Жердің ішкі жылуы, су, жер және минералдық ресурстар — еңбек құралдары болып табылады. Өсімдік ресурстары, жануарлар әлемі, ауызсу, жабайы түрде өсетін өсімдіктер — тұтыну заттары болып табылады.
Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай.
Объяснение:
Осы дурыс шығар