ответ
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) жақсы адамдармен араласу барлық жағдайда игілік пен пайда әкелетінін түсіндіре отырып, мына мысалды келтіреді. Жақсы дос миск сатушыға ұқсайды, одан сыйлық ретінде әтірін сатып алу арқылы пайда табасың, тым болмағанда, онымен бірге отырған кезіңде мисктің жұпар иісі жаныңа жағымды сезім сыйлайды. Пенденің жақсы жолдастан табатын игілігі мисктің жұпарынан әлдеқайда артық. Өйткені ол дініңе және дүние тіршілігіне пайдасы тиетін нәрсені үйретуі, адал кеңес беруі, зиян-зардаптан сақтандыруы, Аллаға бойұсынуға, ата-анаға жақсылық жасауға, туыстарымен ара-қатынасты үзбеуге үндеуі, кемшіліктеріңді көрсетіп, түзетуі, сөйтіп сөзімен, ісімен не жүріс-тұрысымен көркем мінез-құлықтарға үгіттеуі мүмкін. А жолдасынан және сұхбаттастарынан үлгі-өнеге алуға бейім келеді, олардың табиғаттары мен жандүниелері біріккен жасақ тәрізді, бір-бірін жақсылыққа не жамандыққа бастайды. Жақсы жолдастан келер пайдаларды санап тауысу мүмкін емес. Әрбір адам өзінің жолдасына қарап бағаланатынын және жақсы көрген досынан үлгі алатынын есінде ұстауы тиіс. Ал жаман адамдармен достасу біз айтқандардың бәріне кереғар сипатта. Олар өздерімен достасқандар мен араласқандарға әр тараптан зиян жеткізеді. Мұндай жолдастардың себебімен саналы түрде не аңдамай қаншама адамдар құрдымға кеткен.
Объяснение:
Қазақтың ұлттық қолөнері.
Қай халықтың болмасын сан ғасырдан бері келе жатқан ұлттық мұрасы мен рухани қазынасы ұлттық нақыштағы өзіндік қолөнері болады. Халық шеберлері мен ұсталары ұлттық қолөнер бұйымдары арқылы халқымыздың дәстүрі мен тұрмыс – тіршілігін көрсете білген.
Халқымыздың ою, тігу, құрастыру, тоқу, мүсіндеу, бейнелеу сияқты ұлттық қолөнер түрлері бар. Бұлар сан ғасырлық тарихы бар, дегенмен қазіргі заман ағымына сай кейбір өзгерістерге ұшырап келе жатқан қолөнер түрлері.
Нақты қолөнер туындыларына тоқтала кетер болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан.
Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған заманында ұлттық қолөнеріміз жас ұрпақ үшін қалыс болып бара жатқаны бәрімізге аян. Ұлттық болмысымызды жоғалтпай, ұлттық қазынамызды сақтап қалуды Елбасымыздың өзі «Қазақстан – 2030» мәдени мұра бағдарламасын стратегиясында алға міндет етіп қойған болатын. Сондықтан ұмыт болып бара жатқан қолөнерімізді қолға алып, одан әрі дамытып, кәдемізге жарату керек деп ойлаймын. Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Сондықтан ұлттық қолөнерді қайта жаңғыртудың бірден – бір жолы сынып сағаттарына ақ жаулықты апа – әжелерімізді шақырып, олардың өсиетімен қоса, өнерін де бойымызға сіңіру керек деп ойлаймын.
Дос деген – киелі түсінік. Көңілі бір, ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам», «Өз басыңды дауға берсең де, жолдасыңды жауға берме», «Жаман туған болғанша, жақсы жолдасың болсын», «Досы көпті жау алмайды», «Жолдас көптің олжасы көп» дейді халқымыз. Жақсы дос ағайын-туыстан да жақын болып кетеді. Өйткені өзін шынайы дос санайтын адамның көңілі кіршіксіз келеді. Досына деген пейілі ақ, көңілі пәк болады.
Достар – бір-біріне ұқсас жандар. Бір-бірін толықтыратын, бір-бірінің кемшілігін жауып тұратын адамдар. Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады. Ойы мен санасы бір, көзқарасы мен пікірі ортақ жандар да бір-бірімен дос болуға бейім келеді. «Дос – көңілдің күмбезі» деп айтылатыны содан. Орыс халқында «досыңды әкеп көрсет, сонда сенің кім екеніңді айтамын» деген нақыл бар. Яғни, көңілі мен пейілі ортақ жандар ғана бір-бірімен дос бола алады. Олардың қызығушылығы да, ойы да бір. Соның арқасында жолдас, туыстас болып кетті. Мұны халқымыз «екі жақсы қосылса, өле-өлгенше дос болады» деп бір ауыз сөзбен жеткізген.
Дос, әсіресе, қиындықта сыналады. «Жаман дос жауыңмен бірге шабады» дейді халқымыз. Жаман дос – көлеңке дейді, яғни, басыңда күн барда қашып құтыла алмайсың, бұлт төнсе, іздеп таба алмай қаласың. «Біреу жаныңа жолдас, біреуі малыңда жолдас» дейді. Біреулер мал-дүниең мен қолыңда бар нәрсе қарап, дос болады. Мұндай достық ұзаққа бармасы анық. Ал шынайы жаныңа дос болатын адамның достығы да, бауырмалдығы да өміршең. Сыналар кезде, сыналады. Шыңдалар кезде, шыңдалады.
Объяснение:
осы дурыс деп ойлаймын