Менің өз замандастарыма көзқарасым, қатынасым қандай, олар маған ұнайды ма, жоқпа- деген сұраққа біржақты жауап бере алмаймын. Бір жағынан мен өз замандастарымды ұната қоймаймын, екінші жағынан құрметтеймін. Ұнатпайтыным- алдыңғы буындағыларға қарағанда жан байлығы аздау сияқты, ұнататыным- олар жаңа технологияларға тез үйренеді, күрделі ақпараттарды тез қабылдайды. Қазіргі ұрпақтарды алдыңғылармен салыстыра отырып, қазір байлар мен кедейлерге бөліну қатты білініп тұр деуге болады, бұл жаман. Қарама қарсы топтағы екі адам бір-бірін түсінбейді, олар тек өте қажет жағдайда ғана араласуы мүмкін. Менің көзқарасымда менің замандастарыма тәрбие жетіспейтін сияқты. Олар көпшілік жағдайда өздерін ешқандай кедергілер мен шектеулер жоқтай ұстайды. Көпшілік -қазіргі жастар қайырымсыз деп есептейді. Бұны мен былай түсіндіремін, қазір бәрі интернетке кіре алады, ал интернет кейде адамның психикасын бұзады. Ертеде адамдар бұндай ақпараттан қорғалған еді. Қатыгездіктің тағы бір түсініктемесі- киноэкрандарда, жалпы ақпарат құралдарында, компьютерлік ойындарда: қатыгездік бір шектен шығушылық емес, күнделікті қалыпты әдетке айналуда. Мен барлық ұрпаққа бірдей мінездеме беру дұрыс емес деп ойлаймын, әр адам өзінше ерекше. Біз ұрпақ туралы жалпы айтқанда әр түрлі адамдарды қосып жібереміз, мейірімділер мен қатыгездерді, салмақтылармен жеңіл ойдағыларды, ақылдылармен онша ақылды еместерді. Адамзат мыңдаған жылдардан бері өсіп, дамып келеді және барлық заманда ұқсас сынақтардан өтеді, сонда да әркезде бір тырманы басады. Сатқындық, жалқаулық, махаббат-бұның бәрі жаңалық емес. Айырмашылық тек қоршаған жағдайда. Жағдай өзгерсе- адамдар қарым-қатынасы өзгереді. Мысалы: біздің ғасыр, жоғарғы технологиялар ғасыры, адамдар қатынасына көп өзгеріс енгізді: біз бір-бірімізге қонаққа аз барамыз, балалармен жасөспірімдер аулада ойнамайды. Осының нәтижесінде, бір-бірімізбен қатынасымыз бізден бұрынғылардан өзгеше.
Лев Николаевич Толстой
Білуге құмарлық рухтың қашанғы қанағатсыздығы
Джон Тейлор
Білім мен құдіреттілік — екеуі бір нәрсе
Френсис Бэкон
Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады
Жан Жак Руссо
Көп білем десең, аздан бастап үйрен
Джон Локк
Білімдіңнің сөзі — ем, мейірімі көп, өзі кең!
Мағжан Жұмабаев
Адамның біліміне ақыл серік, ақыл кен таусылмайтын жанға көрік
Ақансері Қорамсаұлы
Бақыт жолы біліммен табылады
Ахмед Югнаки
Білім — а ң ортақ қазынасы
Жүсіп Баласағұн
Білім туралы:
Білімің болсадағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей
Шал ақын
Білімдіңнің сөзін тыңда, айтқанын үйрен, іске асыр
Махмұд Қашқари
Еңбек туралы:
Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. Абай
Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық.Абай