Термодинамиканың екінші заңы саналатын қорытынды Қарноның 1824 жылы “Оттың (жылудың) қозғаушы куші және сол күшті үдететін машина туралы ойлану” деген еңбегінде алғаш ғылыми тұрғыдан көрсетілді. Осы ойды 1850 жылы Клаузиус математикалық өрнекпен дәлелдей келіп, жылу салқын денеден өздігінен ыстық денеге ауыспайды деген пікір айтты. Ал, 1854 жылы Кельвин кез келген денедегі жылуды басқа қосымша әрекет етпестен, тек салқындату салдарынан ғана жұмысқа айналдыруға болмайды десе, Оствальд екінші тектегі мәңгілік қозғалтқыштарды жасау мүмкін емес деді.
Екінші - дара сан есім.
Мың сегіз жүз жиырма төртінші - күрделі реттік сан есім.
Мың сегіз жүз елуінші - күрделі реттік сан есім.
Мың сегіз жүз елу төртінші - күрделі реттік сан есім.
2.Татар-Моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, Моңғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туған. Темучин ер жете келе қол астына Моңғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы Моңғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен Моңғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды. Шыңғысхан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде "мыңдық", "жүздік", "ондықтан" тұрды.