1) Сұраулы сөйлем деп – біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.
2) Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
3) Отбасы туралы мақал-мәтелдер:
Өз үйім өлең төсегім.
Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.
«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
Қарындасың – қарлығашың.
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
Отан – отбасыдан басталады.
Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі.
4) Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде адамның екі түрлі мінезі туралы,білім,білуге ұмтылу керектігі айтылады.
Өнер- әр халықта өте ертеде пайда болған. Тау-тасқа,жер бедеріне сурет сала бастаған кезден бастап өнер,мәдениет жетіле бастады десек болады. Неліктен эссені өнер-өмір өрнегі деп атадым,соған тоқталайық. Әлгінде айтылған тастардағы суретте адамдар өздерін қоршаған ортаны,табиғатты,өмір сүру үрдісін,аң-құстың, адам мен табиғаттың қарым-қатынасын бейнеледі.Демек, олардың өмір сүру дағдысы осы суреттер,белгілер арқылы таныс болды. Бертін келе қолөнері дамыған кезде тұрмыстық заттарда,бұйымдарда да табиғат,жануар, өсімдік бейнелері орын ала бастады. Қошқар мүйіз, жауқазын,қазтабан өрнектері осы өмірден алынған. Ал қазіргі кезде өнердің өрлеген,дамыған кезінде өнердің түрі де көбейді. Ән өнері,сөз өнері,қолөнері, бейнелеу өнері барлығы да өміріміздің айнасы ретінде барлық тұрмыс-тіршілігімізді сипаттап тұр.
Объяснение: