М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Влад32321
Влад32321
17.04.2021 09:29 •  Қазақ тiлi

Қазақ сәулетшілері туралы мәлімет

👇
Ответ:
MonstorXXXX
MonstorXXXX
17.04.2021

Ақмырза Рүстембеков – халықаралық байқауларда бірнеше рет марапатталған, Қазақстанның басты символына айналған «Астана-Бәйтерек» жобасының жетекшісі әрі идея авторы. Ақмырза Рүстембеков Алматы қаласындағы «Silk Way» сауда орталығының, сонымен қатар Алматы мен Бішкек қаласындағы көптеген тұрғын үйлердің авторы. 

Шоқан Матайбеков. 2005-2007 жылдар аралығында Астана қаласының бас архитекторы болып қызмет атқарды. Көптеген танымал сәулет нысандарының авторы, соның ішінде «Тілеп қобыз сарайы» салтанат сарайы, «Сулы-жасыл бульвар» көпфункционалды кешені, «Солтүстік шұғыласы» атты тұрғын үй кешені, министрлер үйі, Астана қаласындағы эталон орталығы кешені мен басқа да құрылыс нысандары аталмыш автордың идеясынан туған. Сәулетшілердің ой-қиялынан туған кез келген ғимарат, құрылыс, шындап келгенде, өнер туындысы саналады, ал өнер – сәулет өнері деп аталады. Шоқан Матайбек есімі шетелде де танымалдыққа ие. 

Сұлтан Баймағамбетов. Алматы қаласы сәулет департаментінде 16 жыл басшылық қызметін атқарды, қаланың бас сәулетшісі болды. Қазақстан президенті резиденциясының, Алматы қаласындағы Орталық мешіт пен Алматы Әуежайының, «Нұрлы Тау» көпфункционалды кешенінің, Жамбыл Жабаев пен Абылай Хан ескерткіштерінің, өзге де оңтүстік астананың көптеген сәулет кешендерінің авторы. 

Болат Құспанғалиев. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ деректеріне көз жүгіртсек, Болат Құспанғалиевтің 2000 жылы архитектура саласында докторлық диссертация қорғай отырып қазақтың алғашқы сәулетші докторы атанған ғалым екендігін көреміз. Аталмыш тұлғаның басқаруымен әрі жетекшілігімен 20-дан астам жоба орындалған. Олардың қатарында «Хайвилл Астана» көпфункционалды тұрғын үй кешені, Астана қаласындағы «Белый Лайнер» әкімшілік-тұрғын үй кешені, «Алматы қала» ("Apple Town") көпфункционалды тұрғын үй кешені сәулет құрылыстары бар. 

Тоқтар Ералиев – жаңа астананың алғашқы бас сәулетшісі. «Нұрлы Тау» көпфункционалды орталығы, стратегиялық зерттеу институты, Алматы қаласындағы «Рахат Тауэрс» (қазіргі «Алматы Тауэрс») ақпараттық технология паркі мен бизнес-орталығы жобаларының авторы, Ауған соғысына қатысқан қазақстандық шаһид жауынгерлерге арнап тұрғызылған ескерткіш жобасының бірлескен авторы.

4,4(100 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
vangok31
vangok31
17.04.2021

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.

Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті Қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі.

Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.

Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.

Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.

Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді

4,5(55 оценок)
Ответ:
SkrepllexNormaN
SkrepllexNormaN
17.04.2021

Ғарыш әлемі кең байтақ!Оны адамзат әлі толығымен зерттеп болған жоқ.Ғарыштың әлі де ашылмағае сырлары қызықты.Ерте кезден-ақ грек ғалымдары ғарыш туралы түрлі болжамдар жасаған.Олардың ғарышқа саяхат жасағысы келгендерін осыдай байқауға болады.

Ең алғаш ғарышқы саяхатты 1969 жылы ағылшындар бастаған болатын.Міне,содан бері ғарыш кеңістігі ғалымдармен игеріліп келедіүБіздің елемізде «Байқоңыр» ғарыш станциясы бар.Мен оны Қазақстанды ғарыш әлемімен байланыстыратын көпір санаймын.Өйткені,барлық зымыран ұшақтар осы жерде саяхатының бастауын алады.

Объяснение:

4,6(67 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ