М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kos655005123
kos655005123
19.06.2022 20:27 •  Қазақ тiлi

Нужна буду при многом благодарен! Туған ӛлкенің табиғаты, сұлулығы, кеңдігі, байлығы мен құндылықтары

Шығыс Қазақстан алқаптарында табиғи жағдайлардың алуан түрлі
болып келуіне орай, оның табиғат ландшафтарындағы жануарлар әлемі мен
ӛсімдіктер дүниесі де сан алуан болып қалыптасқан. Облыс аумағының 50-ге
дейін жететін табиғат ланшафтарында құстардың 400 түрі, 115 түрлі
сүтқоректілер, бауырымен жорғалаушылардың 27 түрі, 5 қосмекенділер түрі
ұшырасса, құрт-құмырсқа мен жәндіктердің 15 000 -нан астам түрі бар, 3500
түрлі ӛсімдік ӛседі.
Жеріміздің геологиялық тарихының аласапыранды болып келуі
ӛлкедегі жер қойнауында жез, мырыш, қорғасын, күміс, алтын, платина
сияқты полиметалл кендерінің, сондай-ақ титан, галлий, индий, таллий,
селен, теллур тәрізді сирек кездесетін металдардың – барлығы 50 түрлі
құрауыштарды қамтитын пайдалы кен қазбаларының мол қорының түзілуіне
тікелей ықпал етті. Аталған пайдалы қазбалардың кӛпшілігі бойынша біздің
облысымыз ТМД елдері және дүние жүзінде жетекші орындарды иеленеді.
Мұражайда минералдармен, тау жыныстарынан құралған топтамалармен,
түсті және сирек металл кендерінің түрлерімен, әшекейлік және бағалы тас
үлгілерімен, с.с. құрылыс пен отын ӛнеркәсіптерінде қолданылатын шикізат
түрлерімен танысуға болады. Олардың қатарында – кӛмір қышқылды мыс
тұзынан құралған ашық жасыл түсті минерал тас – малахит, кӛк тас,(лазурит)
танталит, минералды кварцтың бір түрі яшма, әйнек тәрізді жылтыр минерал
тас – опал, кварц текті қатты асыл тас – жүзақ (агат), турмалин және
зүбәржат (изумруд), бетонитті саз балшық, әкті минерал (гипс), ізбес т.б.
кӛптеген бағалы шикізаттар.
Ертістің мол сулы арналары бастауын Алтай тауларынан алады. Жалпы
Ертіс ӛзенінің ӛзі де Моңғол Алтайынан басталады. Шығыс Қазақстан
облысында 1200 ӛзен, 2000 кӛл бар. Бұл біздің облысымыз үшін,
Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда біршама жоғары
кӛрсеткіш болып есептеледі. Ертіс ӛзенінің неғұрлым мол сулы арналарын
Ӛскемен, Бұқтырма, Шүлбі сияқты үш электр станциялары реттейді. Үйдене,
Үлбі сияқты шағын тау ӛзендерінде де электр станциялары бар.
Шығыс Қазақстан аумағында Алтай – Саян тау жүйесінің шеткері
батыс алқаптары орналасқан. Ӛлкеміздегі ең биік шың (4506м.) – Белуха
тауында Мұзарт шыңды, биік таулы тундра ландшафтарын аласа тау
бӛктерлері алмастырса, шалғынды тау бӛктерлері үстіртті жондарға ұласып
кетеді. Біртіндеп аласара келіп үстіртті дӛңес жондар Зайсан
қазаншұңқырының жартылай шӛл жазық далаларымен шектеседі.
Ӛлкеміздегі таулы мұзарт алқаптардан басталатын ландшафтарлың кӛптігі
сондай, олар құрлықтың тропиктік және субтропиктік ландшафт типтерінен
басқа ландшафт түрлерінің барлығын қамтиды.
Шығыс Қазақстан облысы – Қазақстанның орманға ең бай ӛлкелерінің
бірі болып саналады. Орман типтерінің – майқарағайлы, шыршалы,
балқарағайлы, жапырақты, қайыңды сияқты алуан түрлі болып келуіне орай,
орманды алқаптарды мекен ететін жануарлар да түрлі – түрлі болып
кездеседі. Шығыс Қазақстан ормандарын – қоңыр аю, құдыр, күзен, бұлғын
құну сияқты сібірлік тайга аңдары мекендейді. Облыстағы кәсіпшілік аң
шаруашылығы да осы аңдарға негізделіп дамыған. Неғұрлым бағалы болып
саналатын, негізінен экспортқа шығарылатын аң терілері біздің
облысымызда дайындалады.
Шығыс Қазақстан облысында айрықша қорғалатын табиғи аумақтар
жүйесі қалыптасқан. Оған бір мемлекеттік Катон-Қарағай ұлттық бағы, екі –
Марқакӛл және Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорық, сондай-ақ 8
республикалық маңызы бар, Құлынжүн және Тарбағатай зоологиялық
қорықшалары, ботаникалық – тӛменгі Тұрғысын, «Қаратал құмдары»,
«Әлет», «Үржар», «Солдат сайы», «Рахман қайнарлары» және облыс
құзырындағы Асубұлақ геологиялық-минерологиялық қорықшалары кіреді.
2003жылы қарамағына республикалық дәрежеде маңызы бар «Синегор
майқарағай тоғайлары» және 5 облыс құзырындағы «Ашутас» геологиялық
палеонтологиялық «Қиын Керіш», «Ӛртең адырлар», «Тархан геологиялық
жер тілігі», «Кӛгілдір шығанақ» геологиялық-петрологиялық табиғат
ескерткіштері кіретін «Семей орманы» қорығы құрылды. Айрықша
қорғалатын табиғи аумақтарға (АҚТА) Риддер қ. ботаникалық бақ, сондай-ақ
республикалық дәрежеде ерекше ғылыми маңызы бар он су қоймалары
қарайды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша айрықша қорғалатын аумақтар
облыс жерінің 6 пайызын құрайтын жалпы ауданы 1,7 млн га болатын жерді
қамтиды. Облыста қалыптасқан АҚТА жүйесі сирек және жойылып бара
жатқан ӛсімдіктер мен жануарларды, сондай-ақ кәсіптік маңызы бар аң
түрлерін ӛздері қоныстанған табиғи ортасымен бірге кешенді қорғау
шараларын ұтымды түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жүйе қызметі
ұдайы жақсартылып жетілдіру үстінде. Кӛп ұзамай Шығыс Қазақстанның
теңдесіз алуан түрлі, игеруге ұшырамаған табиғи жануарлар әлемі мен
ӛсімдіктер дүниесін сақтап, одан әрі байытуға айтарлықтай үлес қоса алары
сӛзсіз.

Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтіннің негізгі ойы не?
2. Мәтінге жоспар құрыңыз.
3. Мәтінді құрған жоспарыңыз бойынша мазмұндаңыз.
4. Мәтіннен тірек сӛздерді теріп жазыңыз.
5. Мәтіннен тәуелденген, септелген, жіктелген сӛздерді теріп жазыңыз.

👇
Открыть все ответы
Ответ:
MAXIMUS111111111
MAXIMUS111111111
19.06.2022
Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім(не) туралы? кім (не) жөнінде? кім (не) жайында?Анықтауыштың негізгі белгілері;
1. Зат есімнен немесе заттанған басқа сөз таптарынан болған сөйлем мүшесінің сындық, сандық, иелік, мөлшерлік т.б белгілерін білдіреді
2. Қандай? Қай? Қанша? Неше? Кімнің? ненің? деген сұрақтарға жауап береді
3. Өзі анықтайтын мүшемен байланыс *матасу, қабысу түрінде болады
Пысықтауыштың мағыналық түрлері
1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді.
2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік.
3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім.
4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді.
5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды.
6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес.
4,5(88 оценок)
Ответ:
seba777
seba777
19.06.2022

1) Сұраулы сөйлем деп – біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

2) Грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар - септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.

3) Отбасы туралы мақал-мәтелдер:

Өз үйім өлең төсегім. 

Үй ішінен жау шықса,

Тұра қашып құтылмассың.

«Сіз», «біз» - деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

Қарындасың – қарлығашың.

Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

Отан – отбасыдан басталады.

Отбасының өнегесі – Отанның өнегесі.

4) Абай Құнанбаев өзінің жетінші қара сөзінде адамның екі түрлі мінезі туралы,білім,білуге ұмтылу керектігі айтылады.

4,4(57 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ