М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
dimaahmet6
dimaahmet6
07.01.2023 17:28 •  Қазақ тiлi

Шығарманы түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз. Ерте, ерте, ертеде бүркіт: «Кім күшті?» деген қазақша күрестен сайыс өткіземін, - деп жан-жануарларға жар салыпты. Аю, жолбарыс, қасқыр, қоян, барыс, арқар мен борсық сайысқа қатысуға дайындала бастайды.
Атасы барысты сайысқа дайындайды.
Бұл жарыста жеңіске жету оңай емес, балам! Сайыста күшті болу керек, бірақ епті болған одан да пайдалы. Осыны ұмытпа! – деп ақыл айтады. Барыс сайысқа қатысу үшін көп жаттығады.
Сонымен, сайыс күні де келіп жетеді. Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады.
Сайыс жарыста жеңген аңның атымен аталатын болады, - деп бүркіт жариялайды.
Қасқыр мен қоян, арқар мен борсық, аю мен қабан, барыс пен келес күреседі. Қоян қасқырды, аю қабанды, борсық арқарды, барыс келесті жеңеді.
Жартылай сайыста аю қоянды, барыс борсықты жеңеді де аю мен барыс шешуші сайысқа шығады. Барыс атасының айтқан ақылын есіне түсіреді де, ептілікпен өзінен күшті аюды жеңеді.
Сөйтіп, барыс ептілік пен төзімділік көрсетіп, жеңімпаз атанады. Содан бері қазақша күрестен болатын сайыс барыстың атымен аталатын болды.

1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз. [1]

2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
байқау [1]
3. Берілген сөздің антонимін тауып жазыңыз.
күшті [1]

4. Мәтін мазмұны бойынша сайысты кім ұйымдастырды?
[1]
5. Сайыста кім жеңді?
[1]
6. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз. [1]

Сөйлемдер
Реті

А
Аю мен барыс шешуші сайысқа шығады.

В
Бүркіт, қабан, таутеке төреші болады.

С
Атасы барысты сайысқа дайындайды.



👇
Ответ:
ника2346олл
ника2346олл
07.01.2023

1)Кім күшті?

2)Байқау-сайыс,жарыс

3)күшті-әлсіз

4)бүркіт

5)барыс

6)С

В

А

4,8(46 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:

Қыз Жібек–лиро-эпостық жыр. Шамамен XVII-ғасырда жазылған. Жыр нұсқалары арасында айырмашылық аз. Тұңғыш рет Е.А. Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған (1880). 19 ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен “Қыз Жібек” жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Сондай-ақ Жүсіпбек Шайхысыламұлы Қазан қаласында 1900, 1903, 1905, 1909, 1911 ж. қазақ тілінде жариялаған. “Қыз Жібектің” Тухватуллин жинаған нұсқасы 1925, 1933, 1939, 1957, 1967 ж. басылып шығып, 1958 жылы “Қазақ эпосы”, “Казахский эпос” жинақтарында, 1963 жылы “Қыз Жібек” деген атпен қазақ, орыс тілдерінде жарияланды, 1988 жылы орыс тілінде жеке кітап болып шықты. Қазір ҚР Орталық кітапханасының қолжазба қорында жырдың бірнеше нұсқалары сақтаулы. Оның ішінде Қ.Мырзағалиев, Ә.Дәнікеров, Ж.Қалмағамбетов, Е.Рақметов, Р.Мәзқожаев нұсқалары бар. “Қыз Жібек” жырында қазақ халқының өмірі, тұрмысы, кәсіп-тіршіліктері, салт-санасы, елдік, ерлік істері, ар-ожданы мен арман-мақсаты қызғылықты әрі көркем жырланады. Жыр мазмұнында Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі. Жырдың 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.[1Қыз Жібек" жыры екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Төлегеннің Жібекке үйленуі әңгімеленсе, екінші бөлімде Жібектің Сансызбаймен қосылғаны баяндалады. Екі бөлім - екі оқиғаны жырлайды, бірақ сюжет біреу: жігіттің үйленуі.

"Қыз Жібек" эпосын махаббат гимні деудің әбден жөні бар. Оның нағыз көркем туындыға айналу процесі жүріп жатқан кезде, яғни ХVІ-ХVІІІ ғасырлардағы қазақ қоғамында жеке бастың, сезімнің бостандығы, махаббат еркіндігі туралы мәселе мұндай деңгейде ашық айтыла бермеген, ескі рулық заманның неке мен отбасына қатысты ежеқабыл, қалыңмал, көп әйел алу, әмеңгерлік сияқты салттары үстем болған. Солай бола тұрса да, "Қыз Жібек" жырының шығуы сол дәуірдің өзінде-ақ халықтың идеал туралы эстетикалық пайым-түсінігінде белгілі бір дәрежеде өзгеріс болғанын айғақтайды. Төлегеннің де, Жібектің де өзіне лайық жар іздеуі, сүйіспеншілікпен үйленуді көздеуі - сол кезеңдегі жастардың ойында, көкірегінде жүрген арманын, мұңын, тілегін аңғартады. Жырдың ел арасында кең тарағанының бір себебі осында болса керек.[2]

Төлеген - қазақ эпосы, тіпті бүкіл қазақ фольклоры үшін жаңа кейіпкер. Ол Қозы Көрпештен де өзгеше. Қозының бейнесінде батырлық қасиет көп. Ал Төлеген - нағыз лирикалық кейіпкер. Ол бай болуды, батыр болуды көксемейді. Оның арманы - өзіне лайықты сұлуды сүю, соны өзіне өмірлік жар ету. Жыршы да осыны айтады: "Батырлық, байлық кімде жоқ, Ғашықтық жөні бір басқа". Демек, сол кездің қоғамында осындай ой-пікір болған, яғни ел ішінде махаббатты - өте таза, бәрінен ерекше, биік сезім, оны кез келген адам біле бермейді деген ұғым қалыптасқан. Нақ осындай ерекше сезім Төлегенді әкесінің бата бермегеніне қарамастан алыс жолға жалғыз аттандырады. Төлеген үшін өмірдің мәні де, сәні де - махаббат, махаббат үшін күресіп, өмір сүру, сүйгеніңе үйлену. Сондықтан да болу керек, оның мінезі де, істері де әдеткі эпостағыдай емес. Ол аң да ауламайды, мал да бақпайды, жастайынан ерлік мінез де танытпайды, батырлық өнерді де үйренбейді. "Періште сипатты ұл" боп тууының өзі - оның ерекше сұлу болатынын білдіреді. Демек, ол батыр болмайды: Төлеген кәдімгі батырларша "сағат сайын" өспейді, бозбала кезінде ешбір ерлік іс-әрекет жасамайды. Есесіне он екі жасында өзіне пара-пар сұлу қыз іздей бастайды. Он алты жасқа толғанда ат тұяғы жететін жерді түгел шарлап шығады. Қыз Жібек туралы ести сала ол еш ойланбастан жолға шығады.

Қыз жібек -қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры - аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері - Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі - сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.

4,5(36 оценок)
Ответ:
fuguh
fuguh
07.01.2023

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

Жырдың халық арасына кең тараған да, аз тараған да нұсқалары бар. Бірақ барлық нұсқалары мен версияларына ортақ бір сюжеттің бары анық. Жырдың қысқаша әңгімесі мынадай. Ертерек заманда Жағалбайлы деген елдің Базарбай деген байы болады. Оның Төлеген, Сансызбай атты екі ұлы болады. Базарбай асқан байлығымен танымал болса да екі ұлына қыз айттырмайды, есейгенде қылыңдықты өздері табады деп ойлайды. Төлеген ер жетіп, жігіт болған соң маңайдағы елден өзіне лайық қыз іздеуді бастайды.

Ешқандай сұлу ұнамай жүрген кезде, сондай бір алыс елде Қыз Жібек деген сұлу бар екенін естиді. Қыздың салтанаты мен келбетінің асқан сұлу екендігін және ол да өзіне лайық жігіт таппай жүргендігін естіп, жүз жылқы айдап, қыздың елін іздеп кетеді. Арада көп уақыт өтеді, сұлу қызы бар деген елдерге сый-сыйапат жасап, даңқын шығарып жүреді.

Аяғында Қыз Жібектің ағасы, ақылшысы болып жүрген Қаршыға деген адамға кез болады. Қаршыға Төлегенді көшінің соңынан ертіп, қарындасын көрсетпекші болады. Көш бойынан талай сұлуды көреді. Жібек қыздардың ішінде болмайды, ол көштің алдында, ақ күйменің ішінде, ешкімге көрінбей жеке кетіп барады екен. Қуып жеткен Төлегенге Жібек жүзін көрсетеді де, Төлеген – күйеу, Жібек -қалыңдық болып, біраз уақыт бірге болады.

4,7(80 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ