Жеке КАЗЫЛЫМ
кАзылым
9-тапсырма. «Ашамайға мінгізу». Салтты өткізудің нұсқау-
лығын жаса. Нұсқаулықта мәтіндегі ақпараттарды пайдалан.
Ашамайға мінгізу. Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін
жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу сал-
танаты. Жас бала есі кіріп, 6-7 жасқа келген соң, оған
тай атап, балаға арналған «ашамай» деп аталатын ер жаса-
тып, қамшы өріп, «сен азамат болдың» деген сенім ұялатып,
үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді.
Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі
көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеу осы ашамайға мінгізу арқылы да
көрінеді. Ақ тілекті аналар шашу шашады. Ересек балалар тайға
мініп, жарысады. Аяғы шағын тойға ұласады.
Менің де осындай алтын ата-анам барына мың да бір шүкір. Әрқашан маған демеу болып, менің өмірде адаспай жол табуыма, жетістіктерге жетуіме тілектес адамдар болса, соның бірден-бірі – менің ата-анам. Мен олармен әрқашан мақтанамын. Асқар таудай әкем – менің тірегім. Менің- қамқоршым. Өмірде жол сілтеп, тәрбие беріп отырған әкеме сансыз мадақ айтамын.
Ал, анам жайлы айтар болсам, әрине, айтып тауыса алмаспын. Менің анам-менің жүрегім, менің-тілекшім, менің-жанашырым, менің –баға жетпес асыл қазынам. Анам- жапырағын тереңге жайған алып бәйтерегім. Ал, біз сол бәйтеректен қанатын енді ғана қатайтып біріміз ұштық, енді біріміз өз ұямызды тауып кетпесек те, ана жылулығынан алыстамыз. Оның әрбір айтқан сөздері жүрегімде мәңгі сақтаулы. Маған осындай керемет жандарды сыйлаған Аллаға шексіз ризамын.